È

I Халықаралық «Ертіс Cinema» кинофестивалінің қатысушылары анықталды

I Халықаралық «Ертіс Cinema» кинофестивалінің қатысушылары анықталды

I Халықаралық «Ертіс Cinema» кинофестивалінің қатысушылар тізімі жарияланды. Фестивальдің байқау және байқаудан тыс бағдарламасына бүкіл әлемнен 96 жұмыс енді. Кинокөрсетілім Қазақстан киносының негізін қалаушы Шәкен Аймановтың туған қаласы Павлодарда 11 шілде күні басталады.

«Ертіс Cinema» кинофестивалі – болашағы бар жас режиссерлардың жұмысымен танысуға арналған халықаралық алаңқай. Қатысуға ойнамалы және деректі жанрдағы қысқаметражды фильмдер шақырылды. Барлығы 207 өтініш келіп түсткен. Іріктеу нәтижесінде байқау бағдарламасына Армения, Беларусь, Грузия, Египет, Үндістан, Иран, Ресей, Сербия сынды 13 елден 67 картина енді. Қазақстандық фильмдерден байқауға 18 жұмыс өтті. Байқаудан тыс көрсетілім аясында 29 кинокартина тыныстырылады.

Фестиваль дирекциясы қазылар алқасын да жариялады. Байқауға қатысушыларды режиссер әрі кинодраматург Ермек Тұрсынов, режиссер әрі актер, Ресейдің Халық әртісі Владимир Хотиненко, Қытайдан келетін продюсер У Цзян, кинорежиссер әрі сценарист Сатыбалды Нарымбетов, ҚазҰӨУ-дің «Театр, кино және ТВ» факультетінің деканы Талғат Тайшанов және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Чехов атындағы Павлодар театрының көркемдік жетекшісі Виктор Аввакумов бағалайтын болады.

Фестиваль ұйымдастырушысы – «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» Мемлекеттік мекемесі. Кинокөрсетілім 14 шілде күні жеңімпаздарды марапаттау салтанатымен аяқталады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист