È

Қазақ тілі «Дисней» студиясының ресми тілдерінің біріне айналды

Қазақ тілі «Дисней» студиясының ресми тілдерінің біріне айналды

Қазақ тілі «Дисней» студиясының 38-інші ресми тілі болды, бұл туралы «Меломан» студиясның бас директоры Вадим Голенко айтты.

«Біздің компания «Болашақ» Ассоциациясымен бірлесіп 6 жылдан бері диснейлік картиналарды мемлекеттік тілге дубляж жасаумен айналысып келеміз. Атақты киностдуияның фильмдерін аудару көп шығынды талап етсе де, Қазақстанда шығармашылық және техникалық мамандарды даярлауға, тәжірибе жинақтауға зор мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде қазақ тілі «Дисней» студиясының ресми тілдерінің бірі, ал отандық актерлердің дауыстары студияның тілдер базасына енді», - деп түсіндірді Голенко мырза.

«Меломан» -Warner Bros.Entertainment, Sony Pictures, Walt Disney, «Мосфильм», Paramount Pictures, «Союзмультфильм» және басқа да студиялар секілді әлемдік және ресейлік аудио- және видеоөнімдердің ірі дистрибьюторы .

Вадим Голенко

Бас директор кино туралы жаңа заңда картиналарды мемлекеттік тілге дубляждау барысына қатысты бөлімді көргісі келетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Корпорация монстров», «Университет монстров», «Тачки 2», «Алиса в Зазеркалье», «Храбрая сердцем» және «Моана» секілді картиналар қазақ тіліне дубляж жасалған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер