È

Отандық «Оралман» Орталық Азияның үздік фильмі атанды

Отандық «Оралман» Орталық Азияның үздік фильмі атанды

Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі Қырғызстандағы «Ақ Ілбіріс» фестивалінде екі жүлдеге ие болды. Кинотаспа «Орталық Азияның үздік фильмі» жүлдесін, ал басты рөлді сомдаған Дулыға Ақмолда «Орталық Азияның үздік актері» атылымын жеңіп алды.

«Оралман» картинасы Ауғанстаннан отанына оралған қазақ отбасы жайлы баяндайды. Базарбай қарт ұлы Сапарқұлмен, жеңгесі және немересімен бірге мемлекеттің атынан Байқоңырдың маңынан үйге ие болады. Кейіпкерлер Қазақстандағы өмір жайлы көптеген дүниелерді біліп, өз орындарын табуға тырысады.

Фильмге Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова және Баян Қажнабиева түсті.

«Ақ Ілбіріс» ұлттық киножүлдесі 2012 жылдан бері беріліп келеді. Оның ұйымдастырушылары – Қырғызстан кинематографшылар одағы, «Айтыш» қоғамдық қоры және ҚР киносын дамыту қоры. Биылғы жылы бас жүлдені Ақтан Арым Құбаттың «Кентавр» драмасы иеленді.

Еске сала кетсек, «Оралман» үшін бұл шетелдегі алғашқы жүлде емес. Алдыңғы жолдары картина «Еуразия» XIII ХКФ-де Гран-при, 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінде жүлде иеленсе, International Film festival Mannheim-Heidelberg (Германия), Religion Today (Италия) және Татарстандағы мұсылман киносы ХКФ-де марапаттарға ие болған.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

2 мамыр 2018, 11:14

Поздравляем!

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер