È

«Апан» фильмінің алғашқы кассалық жинағы

30 қарашадан 3 желтоқсанға дейінгі кассалық жинақ

Қыстың алғашқы демалысы экшнды жақсы көретіндерге Джеки Чанның қатысуындағы «Шетелдік» атыс-шабыс фильмін, «Апан» отандық триллерін және «Коловрат туралы аңыз» шытырман оқиғалы фильмін сыйлады. Өткен аптада қандай кинокартиналардың үздіктер қатарынан табылғанын Қазақстандағы кассалық жинақ туралы материалымыздан оқыңыздар.

Отандық айналымда «Шетелдік» атыс-шабыс фильмі көш бастап тұр. Джеки Чанның қатысуындағы фильм алғашқы аптада 123 477 200 теңге жинап, «Әділдік одағын» үздіктер қатарынан ығыстырды. Кинотаспа 1992 жылы жазылған Стивен Лезердің «Қытайлық» романының желісімен түсірілген. Атыс-шабыс фильмі Мартин Кэмпбеллдің алты жылдық үзілістен кейінгі алғашқы фильмі болды, 2011 жылы оның «Жасыл шам» жұмысы шыққан еді.

Екінші орынға 68 187 106 теңге жинағымен «Коко құпиясы» анимациясы жайғасты. Фильмнің жалпы жинағы әзірге 135 940 984 теңгені құрайды. Pixar студиясының суретшілері бірнеше адамдарды сәндеу үшін гардеробтың 500-ден астам дүниелерін жасаған. Кейіпкерлердің киімдері нағыз мексикандық бишілердің эскизі бойынша салынды. Басты кейіпкердің гитарасының дизайнын режиссер Ли Анкричтің ұлы Макс Анкрич жасады.

«Шетелдік» фильмінен көрініс

Айналымның екі мәрте үздігі атанған «Әділдік одағы» екі сатыға төмен түсіп қалды. Картина айналымның үшінші аптасында 42 098 700 теңге жинады. Ғажайып әйелдің рөліне Мэри Элизабет Уинстэд, Кристина Милиан, Тереза Палмер және Шаннин Соссамон үміткер болған. Ақыры рөлге Галь Гадот ие болды. Актриса рөлге дайындалу үшін кунг-фу, кикбоксинг және қылышпен шайқасу курстарына жазылған.

«Ғажайып» драмасы 27 710 900 теңге жинады. Басты рөлді сомдаушы Джейкоб Тремблей рөлге ену үшін Тричер Коллинз синдромымен ауыратын балаларға көмек көрсету орталығына барып жүрді. Сценарийімен авторлар Стивен Чбоски («Сұлу ару мен құбыжық», 2017), Стив Конрад («Бақыт жолында») және Джек Торн («Ұлт қазынасы», хикая) айналысты.

«Апан» отандық фильмі тұсаукесерлі демалыста 15 244 990 теңге жинады. Фильм әнші Бүркіттің (Айбек Жансейітов) режиссерлік дебюті болып табылады. Сценарийді Бүркіт және ағасы Әли Жансейіт жазды. Картина түсіріліміне қоюшы-оператор Әубәкір Сүлеев және қоюшы-суретші Александр Ророкин атсалысты.

«Апан» фильмінен көрініс

Ал «Кинодан да артық» отандық картинасы кассаны 14 570 900 теңгеге толтырды. Фильмнің жалпы жинағы - 38 785 900 теңге. Комедия Алматы павильондарында 20 күн ішінде түсірілді. Үлкен кинодағы алғашқы рөлдеріне ие болғандар – танымал вайнерлер Нағима Ахметова және Ратбек Байенов.

«Коматозниктер» триллері 13 041 477 теңге көлемінде пайда тапты. Фильмнің айналымдағы бар табысы 43 134 873 теңгені құрайды. Кифер Сазерленд қайтадан кейіпкер Нельсонды сомдады. Себебі, 1990 жылғы «Коматозниктер» фильмінде актер сол Нельсонды ойнаған болатын. Ал Диего Луна («Аластатылған жалғыз: Жұлдыздар соғысы. Тарих») мен Эллен Пейдж («Джуно») үшін картина екінші ортақ жоба болған. Алдыңғысы - «Na Nai’a: Дельфиндер туралы аңыз» анимациялық таспасы.

«Коловрат туралы аңыз» фильмінен көрініс

«Қош келдің, әке, Жаңа жыл!» американдық комедиясының жинағы 12 127 200 теңгені құрады. Джон Литгоу қайтадан Уитакер тегі бар кейіпкерді сомдады. Мұндай тек «Мен сіздің анаңызды қалай жолықтырдым» хикаясындағы кейіпкерінде де болған. Сәнбике Алессандра Амбросио үшін Карен рөлі кинодағы алғашқы салмақты рөл болды. Сәнбике бұрын «Ниндзя тасбақа-2», «Рояль» ойынханасы» және «Қош келдің, әке, Жаңа жыл!» фильмдерінде эпизодтық рөлдерді ойнаған.

«Коловрат туралы аңыз» ресейлік шытырман оқиғалы фильмі қазақстандықтарға аса ұнай қоймады. Таспа 10 001 600 теңге ғана жинады. Бастапқыда фильм режиссері Олег Степченко болған. Алайда, ол «Дракон мөрінің құпиясы: Қытайға саяхат» картинасымен жұмыс істегендіктен бұл жобадан кетуіне тура келді. Оның орнына Иван Шурховецкий келді.

Өткен аптада жеңіліс тапқандар қатарында 6 619 250 теңге кассасымен «Аққала» картинасы тұр және «Тор: Рагнарёк» - 3 957 170 теңге (жалпы жинағы - 518 521 690 теңге), «Колобанга. Сәлем, Ғаламтор!» - 3 539 250 теңге, «Ван Гог. Махаббатпен, Винсент» - 2 907 600 теңге және «Біз үшін тыныс алшы» - 2 275 500 теңге.

 

*Материал Meloman Entertainment және Comscore мен Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Comscore жүйесіне Chaplin Cinemas, Star Cinema және Арсенал кинотеатрлар желісі қосылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер