È

Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісін Мәскеуден келген актер Аскар Ілиясов сомдайды

Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісін Мәскеуден келген актер Аскар Ілиясов сомдайды

Алматы облысында «Көшбасшы жолы. Әлем эпицентрінде» фильмінің түсірілімі басталды. Картинаның қоюшы-режиссері Ақан Сатаев президент жайындағы алтыншы көркем фильмге түсетін актерларды таңдау қиынға соққанын мәлімдеді.

«Кастинг ұзақ өтті. Ақыры, таңдауымыз Мұрат Ахмановқа түсті. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты, ал көмекшісін Мәскеуден келген актер Аскар Ілиясов сомдайды. Сондай-ақ, фильмге Жан Байжанбаев, Еркебұлан Дайыров және Азамат Сатыбалды түскен. Түсірілім барысы бірнеше кезеңге бөлінді. Фильмді үзіліспен келесі жылдың жазына дейін түсіреміз»,-деді Ақан Сатаев.

Сурет Ақан Сатаевтың Instagram-дағы @akansatayev парақшасынан алынды

«Көшбасшы жолы. Әлем эпицентрінде» фильміндегі оқиға 1994-1998 ж.ж. аралығында болған. Көрермендерге астананың Алматыдан Ақмолаға ауысқан кезеңі көрсетіледі.

Көлемді картинаны түсіруге қоюшы-оператор Хасанбек Қыдырәлиев, қоюшы-суретші Нәзира Байбекова, костюм бойынша суретші Әлия Ысмағұлова және британдық грим бойынша суретші Марк Кульер атсалысуда.

Жобаның атқарушы продюсері - Әлия Меңдіғожина, продюсері - Ақан Сатаев. Кастинг директор - Жайна Әбдиева.

«Көшбасшы жолы. Әлем эпицентрінде» фильмі 2018 жылдың соңына таман шығады.

 

 

Превью: Асқар Ілиясовтың Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса