È

Аптадағы тұсаукесерлер: Ғашық болу әп-сәтте

28 желтоқсаннан басталған апта тұсаукесерлері

Алдыңғы апта көрермендердің есінде ұзақ уақыт сақталады. Айналымға отандық екі комедия шықпақ: «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» - бұл картинада Әсел Сәдуақасова французға күйеуге шығуды ұйғарады, екінші фильм - «Америкадағы қазақша кәсіп», Нұрлан Қоянбаев Лос-Анджелестен достар табады. Сонымен қатар, «Санта және топ» шытырман киносы жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды.


«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.12.2017

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Асқар Ұзабаев

Рөлдерде: Әсел Сәдуақасова, Нұржан Садыбеков, Морган Сеги

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Динара өз ғашығын жолықтырып, соған күйеуге шығуға тырысады. Оның таңдауы французға түссе не бопты?! Махаббат ұлтқа бөлінбейді ғой! Бұл Динараның ғана ойы. Қыздың әкесі әрине, қарсы болады. Бойжеткен кез-келген жолмен әкесін көндіруге тырысады.

 

«Америкадағы қазақша кәсіп»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.12.2017

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Жеңісхан Момышев

Рөлдерде: Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаев, Рамазан Амантай, Гүлназ Жоланова, Шон Джеймс

Жанры: комедия, шытырман

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Кәсіпкер Жомарт жаңа деңгейге көтерілуге тырысады. Ол қонақүйіне 5 жұлдыз алғысы келеді. Ол үшін қонақүй мен барлық қызметкерлер американдық сарапшының тексерісінен өтуі тиіс. Бірақ, сарапшы таксиден түспей, кері бұрылып, қайтадан әуежайға кетіп қалады. Енді Жомарт Лос-Анджелеске аттанып, сарапшыны Қазақстанға қайтаруға тырысады.

 

«Біздің әкеміз кім, жігіт?»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.12.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Лоуренс Шер

Рөлдерде: Оуэн Уилсон, Кристофер Уокен, Эд Хелмс, Гленн Клоуз

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Питер мен Кайл – әкелерін іздеу үшін туған қалаларынан жыраққа кеткен ағайындылар. Анасы күйеуін өлдіге санап, балаларын жалғыз өзі тәрбиелейді. Бірақ, кейін балалар туған әкелерінің тірі екенін естиді. Ол кім, қайда тұрады? Бұл әзірге белгісіз.

 

«Ғажайып»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.12.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Артем Лукичев

Рөлдерде: Антон Макарский, Ирина Медведева, Иван Добронравов

Жанры: мультфильм

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Варвара Царевнаны Ғажайып айдаһар ұрлап әкетеді. Иван Царевич сұлуды құтқаруға тырысады. Бірақ, Ғажайып үш басты айдаһар емес, бейкүнә аң болып шығады. Сонда шын мәнінде Варвараны кім ұрлап кетті?

«Менің сүйікті динозаврым»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.12.2017

Мемлекеті: Аустралия, 2017

Режиссері: Мэтт Драммонд

Рөлдерде: Джордан Дюлью, Аннабель Вольф, Скотт Ирвин, Том Руни

Жанры: атыс-шабыс, шытырман, отбасылық

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Брайтвудта соңғы екі жылда түсініксіз жағдайлар болып жүр: балықшылар бұрын-соңды көрмеген балықтарды аулай бастайды. Бір күні Джейк біртүрлі жаратылысты тауып алады. Балақай оны үйіне әкеледі. Бірақ, мақұлықты үйдегілерден жасыру мүмкін емес, себебі ол күннен-күнге үлкейе береді.

 

«Жоғарыға өрлеу»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.12.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Антон Мегердичев

Рөлдерде: Владимир Машков, Андрей Смоляков, Иван Колесников, Кирилл Зайцев

Жанры: спорт, драма

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Фильм 1972 жылғы баскетболдан болған мюнхендік Олимпиада жайында. АҚШ құрамасына барлық ынтымақты елдерден жиналған ойыншылардан тұратын КСРО-ның жас тобы қарсы шығады. Кеңес құрамасы американдықтарды жеңе ала ма?

 

«Санта және топ»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.12.2017

Мемлекеті: Франция, Бельгия, 2017

Режиссері: Ален Шаба

Рөлдерде: Ален Шаба, Пио Мармай, Одри Тоту, Луиз Шаба

Жанры: комедия, отбасылық

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Ең маңызды күнге арналған дайындық қызу жүріп жатыр еді, кенеттен рождестволық эльфтерге суық тиіп, ауырып қалады. Санта Клаус дәрілер алып келу үшін Жерге барып қайтуға мәжбүр болады. Бірақ, Санта өзін ешкімнің мойындамайтынынан хабарсыз еді.

«Үш батыр және Египет ханшайымы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.12.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Константин Феоктистов

Рөлдерде: Олег Куликович, Валерий Соловьев, Дмитрий Высоцкий

Жанры: мультфильм, шытырман

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Жаңа жыл кешінде үш батыр бір дастарханда бас қосады. Кенеттен, олардың көңілді отырыстарына белгісіз Дурило қосылады. Кейін, оның жылдың он үшінші айы екені белгілі болады, кезінде қажетсіз болғандықтан жойылып кетіпті. Дурило ұзақ жылдар бойы бір жоспар құрған, оны жүзеге асыруға үш батыр мен Египет ханшайымы – Нефертити көмектеседі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлепберген Байсақалов

Актер