È

Аптадағы тұсаукесерлер: Триумф пен трагедия

5 сәуірден басталған апта тұсаукесерлері

Сәуірдің алғашқы аптасы көрермендерге екі отандық жаңалықты - «Әміре» өмірбаяндық драмасын және «Әйел кедергі емес» комедиясын ұсынады. Қорқынышты фильм мен триллерді ұнататындар да назардан тыс қалмайды. «Винчестер. Елестер салған үй», «Тыныш мекен» және «Гоголь. Вий» жарыққа шығуға дайын.

 

«Әміре»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.04.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Джеффри Веспа

Рөлдерде: Санжар Мәди, Бен Элдридж, Еркебұлан Дайыров, Эбби Корниш

Жанры: өмірбаян, драма

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Бұл - қазақ теноры Әміре Қашаубаевтың Парижге барған саяхаты жайлы хикая. Суырып салма әнші дүниежүзілік «Экспо-1925» көрмесіне барып, вокалды байқауда күміс медальға ие болған тұңғыш қазақ. Әмірені шетелдегі атақтан бөлек, маңызды кездесу күтіп тұр еді.

 

«Әйел кедергі емес»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.04.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Асқар Бисембин

Рөлдерде: Әсел Сәдуақасова, Сая Оразғалиева, Дәурен Айдарқұлов, Айнұр Ілиясова, Жан Байжанбаев

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Жанна мен Руслан – қарым-қатынастары құлдырауға шақ қалған отбасылық жұп. Жұбайлар бір-бірінен алыстап барады. Бір нәрсені сезген Жанна күйеуінің артынан аңди бастайды да, Зарина есімді жас көңілдесі бар екенін біліп қояды. Жанна шу шығарудың орнына, ашынадан ақырын ғана құтылуға тырысады.

 

«Мария Магдалина»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.04.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, 2018

Режиссері: Гарт Дэвис

Рөлдерде: Руни Мара, Хоакин Феникс, Чиветель Эджиофор

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Мария Магдалина – өмірбаяны құпия мен жұмбаққа толы тұлғалардың бірі. Ол туралы інжілдік мәтінде ғана жазылған, яғни Иса пайғамбардың ізінен еруші әйел ретінде бейнеленген. Мария Исаны қамауға алып, дарға асқанда да одан бас тартпаған жалғыз адам еді.

 

«Тыныш мекен»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.04.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Джон Красински

Рөлдерде: Эмили Блант, Джон Красински, Ноа Джуп, Леон Рассом

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Сюжетте мүлгіген тыныштықта өмір сүріп жатқан отбасы суреттеледі. Отбасы мүшелері артық сөйлеп, қимылдаудан аулақ болуға тырысады. Себебі, олар тұратын жерде құбыжықтар мекендейді. Ата-аналар қалай да балаларын қорғауға тырысады.

 

«Шар найзағай» операциясы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.04.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, АҚШ, 2018

Режиссері: Жозе Падилья

Рөлдерде: Розамунд Пайк, Даниэль Брюль, Эдди Марсан

Жанры: қылмыстық драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Тель-Авивтен Парижге ұшып бара жатқан ұшақты лаңкестер басып алады. Қылмыскерлер тұтқындарды қамаудағылармен айырбастау үшін Угандаға тоқтауды бұйырады. 7 күндік сәтсіз келісімдерден кейін, лаңкестерді ұстау мақсатында арнайы қызмет мамандары қауіпті жоспарды жүзеге асыруды ұйғарады.

 

«Өлім тілеу»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.04.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Элай Рот

Рөлдерде: Брюс Уиллис, Винсент Д`Онофрио, Элизабет Шу, Камила Морроне

Жанры: триллер, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Хирург Пол Керсидің жанұясы көше бұзақыларының құрбанына айналады. Жары мен қызынан айырылған Пол әділеттілік орнатуды өз қолына алады. Оның қылмыскерлерді жазалап жатқан бейнежазбасы Желіге таралып кетеді. Кейін еркекті халық кекшілі деп атайды.

 

«Винчестер. Елестер салған үй»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.04.2018

Мемлекеттері: Аустралия, АҚШ, 2018

Режиссерлері: Майкл мен Питер Спириг

Рөлдерде: Хелен Миррен, Сара Снук, Майкл Карман, Джейсон Кларк

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 13 жасқа дейін

Оқиға қарулар компаниясының негізін қалаған Винчестерлер жанұясының жекежайында орын алады. Үй қорқынышты көрінеді: 7 қабатты ғимарат лабиринтке ұқсайды. Алайда, жекежайдың Винчестерлер отбасының өлімін тілеп жүрген елестерге арналған қақпан екенін ешкім білмейді.

 

«Гоголь. Вий»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.04.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Егор Баранов

Рөлдерде: Александр Петров, Олег Меньшиков, Евгений Стычкин

Жанры: детектив, шытырман

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Николай Гоголь Диканька ауылындағы қатігез өлімдерді тергеуге кіріседі. Жазушы полицейді, дәрігерді, ұста мен философы жанына ертіп алады. Бестікке дүлей күш – Виймен бетпе-бет келуіне тура келеді.

 

«Ұялы телефон»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.04.2018

Мемлекеті: Украина, 2018

Режиссері: Александр Беляк

Рөлдерде: Евгений Капорин, Иева Андреевайте, Дмитрий Цинковский

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Картина кейіпкері - Леопольд супермаркетінің жұмысшысы. Ол ауысымдардың бірінде қалтасы жүз долларлы ақшаға толы пенжек тауып алады. Киімді өзіне алған жігіт қалтаның қайта-қайта ақшаға тола беретінін байқайды. Леопольд байлық мен әдемілік әлеміне сүңгіп кетеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса