È

«Тракторшының махаббаты» сериалы экранға қайта оралады

«Тракторшының махаббаты» сериалы экранға қайта оралады

«НТК» телеарнасы «Тракторшының махаббаты» («Любовь тракториста») сериалын қайталап көрсетпек. 16 сериалы фильм демалыс күндерінен басқа күндері 16:20-да көрсетіледі.

«Тракторшының махаббаты» - қалалық сұлу қыз Белла туралы мелодрама. Сюжет бойынша болашақ күйеуімен кездесуге асығып бара жатқан қыз жол-көлік апатына ұшырайды. Есін жиса, ол бейтаныс ауылдағы тракторшының үйінде екен. Кейіпкер бөтен адамдармен танысады, оны шытырман оқиға мен үлкен махаббат күтіп тұр.

Басты рөлдерде: Кәмшат Жолдыбаева және Берік Айтжанов. Сондай-ақ сериалға Гүлжан Қалыбаева, Димаш Азимов, Қадырбек Демесін, Айсәуле Бақытбек және басқалар түсті.

Көпсериалы фильмнің режиссеры - Асқар Ұзабаев, ол «Ғашық жүрек», «Осторожно, корова!», «Гламур для дур» картиналары арқылы белгілі. Жобаның продюсері Баян Есентаева. Мелодраманың сценарийін жазған Данияр Күмисбаев. Қоюшы-операторы - Азамат Дулатов.

«Тракторшының махаббаты» Алматы облысындағы Саймасай ауылында түсірілді. Түсірілім 2013 жылдың жазында өтті, сол жылдың күзінде лента телекөрермендерге ұсынылды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер