È

Таяуда үлкен экранда

Таяуда үлкен экранда

Жақын күндері қазақстандық режиссер әрі продюсер Асқар Ұзабаев «Гламур для дур» фильмінің соңғы кадрларын түсіруді аяқтады, түсірілім 10 шілдеде басталған болатын. басты рөлдерде Ақбот Сейтмағамбет, Әсель Ақбарова және Дәурен Айдарқұлов.

Бұған дейін жобаға продюсер Баян Есентаеваның қатысатыны айтылған болатын. Алайда оны Әсел Акбарова ауыстырды. Тележүргізушінің айтуынша, ол көптен бері толықметражды фильмде басты рөлді ойнауды армандаған екен. Kesh You тобының әншісі Ақбота Сейтмағамбет үшін бұл дебюттік фильм болды.

«Түсірілім қиындықсыз, өте жақсы өтті. Актерлер өздерінің тапсырмасын орындай алды ма, мұны экран көрсетеді. Меніңше, басты рөлді ойнаған актриса қазақстандық жаңа жұлдыз болады. Жалпы алғанда көңілім толады», - дейді Асқар Ұзабаев.

«Гламур для дур» - ауылдан келген қыз туралы комедия, ол қыз ауылдан қалаға әпкесін іздеп келген.

Сценарийді жазуға: Асқар Ұзабаев, Азамат Айтжан, Марат Әлібек, Сәбит Рахимбаев, Әуез Тұрмагамбетов қатысты.

Қазіргі таңда прокатшылармен келіссөздер жүргізілуде. Авторлар фильм үлкен экранға алдымыздағы қыста шығады деп үміттеніп отыр.

 

Тақырып бойынша:

Асқар Ұзабаев «Гламур для дур» фильмін түсіреді

Әсел Ақбарова Баян Есентаеваны ауыстырады

«Гламур для дур» түсірілімі тоқтап қалуы мүмкін

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер