È

Алматыда «Арман картасы» киножобасының тұсауы кесілді

Алматыда «Арман картасы» киножобасының тұсауы кесілді

Qaz Media Group компаниясы өзінің алғашқы киножобасы «Арман картасын» таныстырды. Таныстыру кино жұлдыздарының, блогерлер мен журналистердің қатысуымен Алматыда өтті. Түсірілімі әлі бастала қоймаған толықметражды фильм жайлы режиссер Мирас Төлеуханов пен продюсер Жанна Әбішева айтып берді.

«Арман картасы» - жігер сыйлайтын фильм, адамдардың үлкен сынақтардан өткенін, өзгергенін баяндайтын картина. Бұл алаңсыз өмір сүрген жас жігіт жайлы хикая. Ол үлкен мәселелерге тап болғанда, нағыз достары мен махаббатының жоқтығын түсінеді. Картинада өмірдегі барлық аспектілерді қозғауға тырыстық. Біз өзімізді сынай жүріп, елдің алдында ұялмайтындай сапалы фильм түсіруді ұйғарып, көпшілік алдында жоба жайлы айтып беруді жөн санадық. Фильм лайықты түрде түсіріледі деп уәде береміз! Жыл соңында барлығын қайта жинап, еңбегіміздің нәтижесін көрсететін боламыз», - деді Мирас.

Еске сала кетсек, жас режиссер YouTube-та 25 миллион көрсетілім жинаған «Ілмек» фильмін және ТМД-дағы алғашқы «Тыңшы Джонни» рэп-мюзиклін түсірген еді. Жаңа толықметражды картинасымен Мирас Төлеухановты Qaz Media Group компаниясы қолдайтын болды.

«Qaz Media Group қызықты медиалық жобалармен айналысады. Біз платформамыздың айналасына еліміздің барлық шығармашылық ортасын жинауды жоспарлаудамыз. Қазір компанияда «Демеуші іздеймін» реалити-шоуы бар, ол «Арман картасы» фильмінің түсіріліміне демеушілерді іздеу мақсатында өткізіліп отыр. Біз адамдарды жігерлендіре отырып, таныссыз-ақ лайықты кино түсіруге болатынын дәлелдегіміз келеді. Қазір бізбен бірге режиссерлар Мирас Төлеуханов, Пётр Жмутский және Саламат Мұхаммед-Әли жұмыс істеп жатыр», - деп бөлісті Qaz Media Group продюсері Жанна Әбішева.

Бүгінгі таңда авторлар әлі де демеушілерді іздеуде. Түсірілімге 110 мың долларға жуық қаржы қажет. Сонымен қатар, топ басты және қосалқы рөлдерге квест-кастинг өткізіп жатыр.

 

Превью: Kipyat.com

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

24 апреля 2018, 19:38

Молодцы, классно!

Таныс бейне

Іңкәр Әбдіраш

Актриса

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер