È

«Веном» Қазақстанда айналым үздігі атанды

«Веном» Қазақстанда айналым үздігі атанды

Киномандар шаттануда, себебі өткен аптада айналымға «Веном», «Жұлдыз дүниеге келді», «Қаржыгер. Шығу ойыны», «Үйдегі келімсектер», «Қара кландаушы» фильмдері шықты. Жаңа кинолар Қазақстанда қанша* қаржы тапты екен, оны төменнен оқып біле аласыздар.

«Веном» айналым үздігі атанды, оның бокс-офисы 305 545 276 теңгені құрады. Том Харди ұлы Луис Томас Хардиді қуанту үшін фильмдегі басты рөлді сомдауға келісті, өйткені ұлы Веномның жанкүйері екен. Таспада симбиот Том Хардидің дауысымен сөйлейді. Актер дыбыстау кезінде американдық әнші Джеймс Браунның дауысынан шабыттанғанын жасырмады.

Брэдли Купердің «Жұлдыз дүниеге келді» фильмі бір аптада 20 693 400 теңге жинап, екінші орынға жайғасты. Картинадағы кей көріністер 2017 жылы Coachella музыкалық фестивалінде түсірілген. 10 долларға шоу көрермендері толық метр түсірілімінің куәсі болды.

«Жұлдыз дүниеге келді» фильмінен көрініс
«Жұлдыз дүниеге келді» фильмінен көрініс

Үшінші орынды «Сағатты үйдің құпиясы» картинасы иеленді. Өткен аптадағы жинағы 17 498 250 теңгені құрады. Фильм Джон Бэлларстың аттас әдеби туындысының экрандауы болып табылады. Басты рөлдердің бірін актриса Кейт Бланшетт сомдады.

«Өте бай азиаттар» таспасы кассаны 11 161 900 теңгеге толтырды. Сюжет сингапур жазушысы Кевин Кванның романына негізделген. «Өте бай азиаттар» актерлік құрамының көбі азиаттардан тұратын және таспада жауынгерлік өнері баяндалмайтын алғашқы голливуд фильмі болды.

Бесінші орынға режиссер Михаэль Ноердің «Көбелек» таспасы түсіп қалды. Фильм 10 140 900 теңге көлемінде пайда тапты. Хикая 1969 жылы Францияда тұтқын Анри Шарьердің басынан өткен шынайы оқиғаларға негізделген.

«Көбелек» фильмінен көрініс
«Көбелек» фильмінен көрініс

«Агент Джони Инглиш» айналымның үшінші аптасында 8 122 800 теңге жинады. Роэн Аткинстің украин актрисасы Ольга Куриленкомен дуэті ешкімді бей-жай қалдырмады.

«Қаржыгер. Шығу ойыны» отандық фильмі 7 025 019 теңге жинады. Таспа режиссері дебютант Елена Лисасина болды, ал продюсері – Ерболат Байғанин. Басты рөлдерді Асылхан Төлепов, Шыңғыс Қапин, Карина Жұмалиева сомдады.

«Үйдегі келімсектер» мультфильмінің бірінші аптадағы жинағы 6 941 739 теңгені құрады. Картина авторлары – неміс режиссерлары Вольфганг Лауенштейн, Кристоф Лауенштейн. Анимациялық фильмнің орыс тілді нұсқасында үш түрлі келімсекті Максим Галкин дыбыстады.

«Үйдегі келімсектер» фильмінен көрініс
«Үйдегі келімсектер» фильмінен көрініс

«Монах әйелдің қарғысы» фильмі өткен демалыста 6 664 000 теңге жинады. Түсірілім Румынияда өтті. Бұл бөлімде әзәзіл Валак «Қарғыс 2» және «Аннабель қарғысы: Зұлымдықтың күшеюі» таспаларынан кейін үшінші рет пайда болып отыр.

«Іздеу» триллері тағы 5 449 405 теңге жинады. Бұл - режиссер Аниш Чагантидің дебютті жұмысы. Таспа продюсерлерінің бірі Тимур Бекмамбетов болды.

Дмитрий Нагиев қатысқан «Кешірілмеген» картинасы кассаны 5 022 405 теңгеге толтырды. Фильм әуе апатында отбасынан айырылған архитектор Виталий Калоевтің қайғылы оқиғасы негізінде түсірілген.

«Қара кландаушы» комедиясы айналымның бірінші аптасында 4 544 400 теңге жинады. Таспа Рон Столворттың «Black Klansman» өмірбаяны бойынша түсірілді.

 

Барлық фильмдер айналымда жүріп жатыр. Кесте кинотеатрлар афишасында қол жетімді.

 

* Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер