«Класстастар» фильмінің түсірілімі аяқталды
Жақында «Класстастар» отандық комедиясының түсірілімі аяқталды. Продюсері - Әсел Сәдуақасова. Фильм Алматы қаласында 17 күн ішінде түсірілген.
«Класстастар» - бұл мектеп бітіргендеріне 15 жыл өткеннен кейін қайта бас қосқан сыныптастардың оқиғасы. Кейіпкерлер үстел басында мектеп қабырғасындағы және тыс жердегі қызықты оқиғаларды еске алады.
Әсел Сәдуақасова фильм түсірілімін режиссер Ернар Нұрғалиевке және қоюшы-оператор Алехандро Чавеске сеніп табыстады.
Сыныптастарды сомдаған актерлар: Дәурен Айдарқұлов, Әсел Қалиева, Олжас Абай, Әсел Сәдуақасова және Рая Адығанова.

Превью: Руслан Тағаев






1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Дания Кузембаева
2 февраля 2018, 12:59Кажется это будет бомба)