È

«Сиситай»: Әйгілі шоувумен

«Сиситай» фильміне пікір

Қазақстанда Баян Алагөзовадан артық қызығушылық тудыратын адам табыла қоймас. Бір ғана инстаграмның өзінде үш миллион оқырманы бар, музыкалық, кино және теледидардағы ондаған жобалардың продюсері, табысты сатылған «Өзім жайлы ғана емес» кітабы - мұның барлығы басы ғана. Баянды отандық шоу-бизнестің тірегі десек, асыра сілтегендік емес. Оның үстіне соңғы кездері Алагөзованың айналасындағы қауесеттер шығармашылық жобаларына қатысты емес, оның «сары басылымдарда» жиі талқыланған ажырасуы, тұрмыс құруы, сондай-ақ инстаграм желісіндегі жазбаларына қатысты болды. Осы аптада айналымға шыққан «Сиситай» картинасы Баянның тәжірибе жасап көруден қорықпайтын керемет продюсер, талантты актриса екенін тағы бір еске салды.

Сюжеттің ортасында басты жұлдызы кеткеннен кейін бар беделінен айырылған қапалы продюсер Алиса Мақсұтқызының оқиғасы баяндалады. Алиса Мақсұтқызы мәселелерін шешуде тұрақты түрде бөтелкеге жүгінеді. Ішімдікке құмарлығы продюсерді Сиситай есімді қызбен танысатын циркке алып келмегенде, барлығы солай жалғаса беруші еді...

Қазір Қазақстанда комедиялық жаңалықтың Баянның (ол кезде Есентаева болатын) есімімен басталғаны көбінің есінде жоқ шығар. КТА ойыншыларының қатысуымен жасалатын тәжірибелер жалғасын тапты, бүгінде Қазақстандағы фильмдер мен хикаялардың 80 пайызы көңілді тапқырлар алаңының қатысушыларымен түсіріледі.

«Сиситай» барлығын мюзикл түсіруге мәжбүр етеді, бірақ қазақстандық кино тарихындағы алғашқысы барынша қызықты әрі сәтті шықты.

Сюжеттің негізінде тағы да Күлше қыз оқиғасы жатыр, тек айырмашылығы мұнда оның барынша күресуі көрініс табады, ал ханзада танымал әншілердің ортасында жүретін бойз-бэндттің солисті.

Жалпы, сюжеті режиссер Ернар Нұрғалиев жасаған атмосферадан маңызды емес. Бурлеск, буффонада, гротеск. Бұл атаулар «Сиситайға» мінсіз үйлеседі. Фильм ашық түстер мен бояуларға толы, әзілдер өз шегінде және әрқайсысы 15 минутты құрайтын жарқын бейнелі кейіпкерлер де бар.

«Сиситайдың» ерекшелігі - фильм авторлары картинада Қазақстанмен жақындастыратын мемлекеттік тілде сөйлеуді қолданып, «қазақша сөйле» деген секілді сөздер арқылы өз әлемін жасай алды.

Әрине, басты рөлге сырт келбеті отандық кино үшін таңсық бейнедегі дебютант Айгерім Мергенбайды алуы таң қалдырды. Бас кейіпкермен ортақ тіл табыса алмайтын зұлым өгей шешенің рөлінде әнші Кәмшат Жолдыбаева болды және хореограф Хасанның (ол Хосе) рөлін талантты комедия жұлдызы Олжас Жаңабеков сомдады. Бірақ, сөзсіз, барлығынан бұрын өзін-өзі әжуалайтын продюсер Алагөзованың рөлі (әсіресе отандық кино үшін) барлығын ерекше таң қалдырды.

Әрине, «Сиситайды» басқа мюзиклдермен салыстыратын болады, мысалы отандық экрандарда көрсетілген Хью Джекманның «Әйгілі шоумен» фильмімен ортақ тұсы жанрынан бөлек, негізгі оқиғаның циркте өтуі ғана. Қалған жағдайда, бұл қазіргі қазақстандық шоу-бизнестің тарихындағы ең танымал шоувуменімен жасалған тәуелсіз және түпнұсқа өнім.

 

 

Киноға барған Кәрім Қадырбаев

 

 

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер