Corich production «Аға ма, әлде неке ме?» комедиясының түсірілімін аяқтады
«Corich production» продюсерлік орталығы «Аға ма, әлде неке ме?» фильмінің түсірілімін аяқтады. Комедиялық таспа 26-29 маусым аралығында Алматыда түсірілді. Картинамен продюсер әрі актриса Құралай Анарбекова және режиссер Ернар Нұрғалиевтің жетекшілігіндегі тәжірибелі топ жұмыс істеді.
«Аға ма, әлде неке ме?» комедиясындағы біздің күніміздегі оқиғаны сипаттайды. Айдар есімді жігіт (Дәурен Серғазин) Гаухарға (Құралай Анарбекова) ғашық болады. Бойжеткен де жігіттің сезіміне жауап қатады. Барлығы бақытты аяқталуы тиіс еді. Алайда... Жігітті Гаухардың ағалары тарапынан болған кедергілер тосып тұр. Өйткені, қыздың ағаларымен тіл табысу оңай емес.
.jpg)
«Аға ма, әлде неке ме?» фильмінің актерлары. Сурет «Аға ма, әлде неке ме?» картинасының Facebook-тағы ресми парақшасынан алынды
Ернар Нұрғалиев үшін аталмыш жоба толық метрдегі дебюті болды. Режиссердің айтуынша, ол алғашқы толықметраджы фильмін драма жанрында түсіргісі келген. Бірақ, Ернар комедиямен жұмыс істеп көру туралы ұсыныстан бас тарта алмады.
Нұрлан Сабыров та жобада жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізді. «Stand Up» ресейлік әзіл шоуының резиденті бірінші рет фильмге түсіп отыр. Ол Гаухардың інісі – Аянның рөлін сомдады. Сонымен қатар, қатал әрі талапшыл ағалардың рөлін Әбунасыр Серіков, Олжас Абай, Бауыржан Қаптағай және Мұрат Бисенбин сомдаған.
Картина авторларының айтуынша, «Аға ма, әлде неке ме?» комедиясы осы күзде экранға жол тартады.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
24 шілде 2017, 13:13Думаю, не зря снялся Нурлан Сабуров. Жжет он наверное там.