È

Қазақстандағы алғашқы кассалық жинақта «Бірінші ойыншы дайындалсын» картинасы «Тынық мұхиты шекарасы 2» фильмін басып оза алмады

29 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптадағы жайсыз ауа-райын Стивен Спилбергтің «Бірінші ойыншы дайындалсын» шытырман оқиғалы фантастикасы, iPhone-ға түсірілген «Өз-өзіне ұқсамайды» хорроры және «Президент демалысы» ресейлік комедиясы әрлей түсті. Қандай фильмдердің ең көп касса жинағанын және қайсысының отандық көрермен назарына іліккенін төмендегі материалдан оқыңыздар.

Өткен аптадағы кассалық жинақ* рейтингісінде Стивен Спилбергтің «Бірінші ойыншы дайындалсын» фильмі көш бастап тұр. Картинаның алғашқы жинағы 196 282 800 теңгеге тең болса да, ол 211 912 000 теңге жинағымен бастаған «Тынық мұхиты шекарасы 2» фильмін басып оза алмады. «Бірінші ойыншы дайындалсын» кинофантастикасы 2011 жылы жарыққа шыққан Эрнест Клайнның аттас романы негізінде түсірілген.

Өткен демалыстардың үздігі «Тынық мұхиты шекарасы 2» бірден төмен түсіп қалды. Екінші апта картинаға бар-жоғы 33 607 000 теңге әкелді. Фильм түсірілімі Аустралия мен Қытайда өтті. Жобаның «Иірім» («Maelstorm») атты уақытша атауы болған. Режиссер Стивен ДеНайт және актерлар Дастин Клер мен Дэниел Фьюрригал «Спартак: Қан мен тер» хикаясында бірге жұмыс істеген болатын.

«Тынық мұхиты шекарасы 2» фильмінен көрініс
«Тынық мұхиты шекарасы 2» фильмінен көрініс

«Питер қоян» фильмі 33 533 135 теңге жинады. Актер Донал Глисон үшін таспа Дэйзи Ридлимен бірге атқарған үшінші ортақ жұмысы болды. Екеуі бұрын «Жұлдыздар соғысы: Күштің жаңғыруы» және «Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» картиналарына түскен. Глисон Марго Роббимен де алаңда үшінші рет кездесті. Актерлар «Болашақтан келген жігіт» және «Қош бол, Кристофер Робин» таспаларына түскен болатын.

«TombRaider: Лара Крофт» шытырман оқиғалы атыс-шабыс фильмі 5 781 500 теңге жинады. Франшизаны қайта шығару идеясын Warner Bros. компаниясы 2009 жылы ойлаған болатын. Басты рөлге Меган Фокс ие болуы тиіс еді. Бірақ, 2011 жылы қайта шығару идеясын Metro-Goldwyn-Mayer студиясы иеленеді. Белгісіз себептерге байланысты жоба жабылып, бірнеше жылдан кейін қайта ашылды.

«Өз-өзіне ұқсамайды» қорқынышты фильмі 4 893 000 теңге жинады. Бұл - Стивен Содерберг түсірген хоррор жанрындағы алғашқы картина. Таспа түсірілімі жайлы айтылған жоқ. Жоба жайлы ресми түрде тек 2017 жылдың шілдесінде хабарланды. Сол кезде Содербергтің тәуекелге бел буып, жаңа фильмін iPhone-ға түсіргені белгілі болды.

«Перзидент демалысы» ресейлік комедиясы көрермен қалтасын 4 824 000 теңгеге жұқартты. Режиссер Илья Шерстобитов үшін таспа үлкен кинодағы дебюті болды. Қоюшының қоржынында «ОнО» және «Қадамдар» атты екі қысқа метрі бар. Фильм Мәскеу, Тұл, Липецк, Ростов және Воронеж облыстарында түсірілді.

«Президент демалысы» фильмінен көрініс
«Президент демалысы» фильмінен көрініс

«Мен алыптармен күресудемін» фантастикалық таспасы кассаны 3 251 116 теңгеге толтырды. Фильм негізіне автор Джо Келли мен иллюстратор Кэн Ниимурдың аттас комикстер топтамасы арқау болған. Басылым 2008-2009 ж.ж. аралығында шыққан. Картинаны алғашқылардың бірі болып, 2017 жылдың қыркүйегінде өткен Торонтодағы кинофестиваль көрермендері тамашалады.

«Уақыт қалтарысы» жинағы 1 806 181 теңгені құрады. Түсірілімге Риз Уизерспун мен Крис Пайн қатысты, олар 2012 жылы «Демек, соғыс» фильміне бірге түскен болатын. Сондай-ақ, Уизерспун Минди Кейлингпен де қайта жұмыс істеді. Қос актриса «Маппеттер» қуыршақ хикаясында ойнаған болатын.

«Қара ілбісін» 382 854 теңге жинағымен өткен аптада жеңіліс тапты.

 

* Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер