È

Ольга Коротьконың «Жәй ғана қыс» фильмінің көрсетілімі Канн фестивалінде өтпек

Ольга Коротьконың «Жәй ғана қыс» фильмінің көрсетілімі Канн фестивалінде өтпек

Режиссер Ольга Коротьконың «Жәй ғана қыс» фильмінің көрсетілімі Канн фестивалінде өтпек. Картина жыл сайын Канн фестивалінің аясында өтетін ACID бағдарламасының қатысушысы атанды.

«Жәй ғана қыс» - Ольга Коротьконың алғашқы толықметражды ойын картинасы. Таспада әжесі қайтыс болғаннан кейін отанына оралған кәсіпкердің қызы жайлы баяндалады. Біраз уақыт өткен соң, оған сыныптастары келіп кетеді. Көп ұзамай олардың кездесуінен кейін күтпеген өзгерістер орын алады.

Таспадағы рөлдерді Толғанай Талғат, Жалғас Жанғазин, Марат Әбішев, Нұргүл Алпысбаева және тағы басқалар сомдады. Фильмнің түсірілімі 2017 жылдың басында өтті.

ACID Cannes-2018 бағдарламасы – 1993 жылы тәуелсіз кинематографистер Қауымдастығымен құрылған алаң. Ереже бойынша, бағдарламаға қатысушы кинотаспа шығарылымға дайындалған, бірақ таратушылар мен жалға берушілердің қолына түспеген картина болуы керек. Биыл Канн фестивалінде Бельгияның, Қазақстанның, АҚШ-тың және Францияның 9 картинасының көрсетілімі өтеді, ал ACID Trip секциясына Португалияның үш жобасы ұсынылмақ.

Айта кетейік, 71-ші Канн кинофестивалі аясында отандық режиссерлардың фильмдері көрсетілетін болады: Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» («Ерекше көзқарас» бағдарламасы), Жаннат Алшанованың «Маусымның соңы» (Cinefondation қысқа метр бағдарламасы), Венера Қайыржанованың «Жасырынбақ», Берік Жахановтың «Асан», Алма Баймұратованың «Pearl» және Әсел Аушакимованың «Жаңалықтар» (Short Film Corner алаңы) картиналары.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер