È

«Рэмпейдж» Қазақстанда 140 млн доллар жинады

12-15 сәуір аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптаның демалыс күндері айналымға Дуэйн Джонсон әлемді құтқаратын «Рэмпейдж» фильмі, жұлдызды жұп Эмили Блант пен Джон Красински түскен «Тыныш мекен» картинасы және исландық кинематографшылардың «Ғажайып құстар» мультфильмі шықты. Қай фильм ауқымды кассаны жинады, ал қайсысы назар аударта алмады, төменнен оқи аласыздар.

Қазақстандағы кассалық жинақ рейтингісінде «Рэмпейдж» кинофантастикасы көш бастады. Ол айналымдағы төрт күннің ішінде 140 673 050 теңге жинады. Айта кетейік, фильм Midway Games компаниясы шығарған аттас ойынның бөліміне негізделген. Таспаның түсірілімі 2017 жылдың сәуірінде Иллинойс штатының Чикаго қаласында өтті. Түсірілімді «Инкарнация» және «Сан-Андрастың күйреуі» фильмдерін түсірген режиссер Брэд Пейтон басқарды.

Екі апта бойы көш бастаған «Бірінші ойыншы дайындалсын» фильмі екінші қатарға түсіп қалды. Таспа 20 846 700 теңге жинады. Алғашқыда Джеймс Холлидэйдің рөліне Майкл Китонды қарастырғанымен, бұл рөлді Марк Райлэнс сомдады. Уэйдтің рөліне Ник Робинсон мен Нат Вулфты ұсынды. Бірақ, ұзаққа созылған сынамадан кейін бұл рөлге Тай Шеридан бекітілді.

 «Бірінші ойыншы дайындалсын» фильмінен көрініс
«Бірінші ойыншы дайындалсын» фильмінен көрініс

Үшінші қатарға көрсетілім демалысында 12 406 600 теңге жинаған «Тыныш мекен» триллері жайғасты. Фильм актер Джон Красинскидің үшінші толықметражды режиссерлік жобасы. Красински картинаға өзінің жұбайы Эмили Блантпен бірге түсті, бұл жұптың соңғы 7 жылдағы бірге түскен алғашқы фильмі. Бұдан бұрын олар 2011 жылы «Маппеттер» комедиясына бірге түскен болатын.

«Ғажайып құстар» мультфильмінің жинағы 6 923 649 теңгені құрады. Бұл жоба - режиссер Аудни Аусгейрссонның алғашқы анимациялық таспасы. Оның алдыңғы жобалары «Қан бұғауы» және «Су асты ағымы» көркем фильмдері болып табылады. Айта кетейік, ирландық режиссердің мультфильмі Ресей, Польша, Түркия, Оңтүстік Корея және Қытай секілді әлемнің 20-дан аса елдеріне сатылған болатын.

«Питер қоян» картинасы төртінші демалыс аптасында 5 898 448 теңге жинады. Бұл Джеймс Корденнің мансабындағы сегізінші анимациялық фильмі. Алдыңғылары - «Груффало», «51-ші ғаламшар», «Груффало қызым», «Тролли» және «Эмоджи фильм». Алдыңғылардан, Корденнің қатысуымен «Смолфут» және «Ральф ғаламторға қарсы» фильмдері шығарылым уақытын күтуде.

 «Ғажайып құстар» мультфильмінен көрініс
«Ғажайып құстар» мультфильмінен көрініс

«Үздік ұстаз 3» комедиясының алғашқы жинағы 4 789 209 теңгені құрады. Фильм түсірілімі Германияның Мюнхен қаласының мектептерінің бірінде өтті. Түсірілімге арнап мектептің 80 ішкі бағанасы көк түске боялды және бірнеше динозавр мүсінін дайындады. Түсірілімнен кейін мүсіндер Франкониядағы динозаврлар саябағына орнатылды.

Айналымдағы жетінші орынға «Гоголь. Вий» тұрақтады. Детективті триллер кассаны 4 154 266 теңгемен толықтырды. Таспаның арнайы әсерлерімен және компьютерлік кескінімен Тимур Бекмамбетовтың голливудтық «Ерекше қауіпті» жобасында өз қолтаңбасын қалдырған Евгений Барулин жұмыс істеді. Қоюшы-операторлықпен Бекмамбетовпен бірнеше рет ортақ жұмыс істеген Сергей Трофимов айналысты.

Аз касса жинаған кинотаспалар: «Тынық мұхиты шекарасы 2» - 4 074 900 теңге және «Өлім тілеу» - 1 510 695 тенге.

 

*Материал Meloman Entertainment компаниясы мен Ticketon.kz мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер