È

Ресейлік «Гоголь. Вий» айналымдағы үздік төрттіктің қатарына енді

5-8 сәуір аралығындағы кассалық жинақ

Сәуірдің алғашқы демалысы «Гоголь. Вий» ресейлік триллерінің, Иса пайғамбардың ізін жалғаушы «Мария Магдалина» драмасының және Брюс Уиллистің қатысуындағы «Өлім тілеу» атыс-шабыс фильмінің шығуымен есте қалды. Отандық көрермендердің қандай киноға барғанын Қазақстандағы кассалық жинақтан* оқыңыздар.

Айналымдағы екінші апта «Бірінші ойыншы дайындалсын» фильміне 86 857 650 теңге сыйлады. Продюсерлер режиссер қызметіне Кристофер Нолан, Роберт Земекис, Мэттью Вон және Эдгар Райтты қарастырған болатын. Алайда, нәтижесінде фильмнің қоюшысы Стивен Спилберг болды. Аталмыш жоба оның екінші ғылыми-фантастикалық таспасы. Біріншісі – 2005 жылғы «Әлем соғысы».

«Тынық мұхиты шекарасы 2» бір сатыға төмен түсті. Картина 15 363 200 теңге көлемінде пайда тапты. Фильм өндірісімен Universal Pictures пен Legendary Entertainment айналысқан. Айта кету керек, компаниялар бірінші рет бірге жұмыс істеп отырған жоқ. Бұрын олар «Юрск кезеңі әлемі», «Жетінші ұл» және «Қара телпек» секілді әлемдік хиттерді жарыққа шығарған болатын.

«Тынық мұхиты шекарасы 2» фильмінен көрініс

«Питер қоян» үшінші апта айналымда және соңғы аптада 14 108 719 теңге жинады. Sony Pictures Animation үшін картина 2018 жылғы үшінші шығарылым. «Демалыстағы құбыжықтар 3» мен «Қорқыныштылар 2» картиналары экранға шығар уақытты тосуда. «Питер қоян» таспасы студияның ормандағы жануарлар жайлы баяндайтын екінші фильмі болып табылады. Алғашқысы – «Аң аулау маусымы».

Ресейлік «Гоголь. Вий» өткен демалыста үздік төрттіктің қатарына енді. Детективті триллер айналымдағы алғашқы аптада 10 733 165 теңге жинады. Картина - «Гоголь» кинохикаясының екінші бөлімі. Басты рөл Фёдор Бондарчуктың «Тартылыс» және Олег Трофимнің «Мұз» жобалары арқылы таныс Александр Петровқа сеніп тапсырылды.

«Мария Магдалина» тарихи драмасы алғашқы демалыста 8 502 900 теңге жинады. Картинаны «Оскар» жүлдесінің үміткері «Арыстан» (2016) фильмінің режиссері Гарт Дэвис түсірді. Айта кету керек, «Мария Магдалина» Гарт Дэвистің екінші толықметражды жұмысы болып келеді.

«Мария Магдалина» фильмінен көрініс

«Өлім тілеу» атыс-шабыс фильмінің тұсаукесерлі жинағы 7 740 521 теңгеге тең. Алғашқы уақытта жоба режиссері Джо Карнахан болған, ал басты рөлдерге Лиам Нисон мен Фрэнк Грилло үміткер еді. Негізгі рөлге Брюс Уиллисты бекіткен кезде, Карнахан жобадан кетіп қалады. Нәтижесінде, режиссерлік орынға актер Элай Рот («Даңқсыз бұзақылар») ие болды.

«Винчестер. Елестер салған үй» қорқынышты фильмі кассаны 4 338 600 теңгеге толтырды. Винчестерлердің тылсымға толы үйі шынымен де бар, оның иесі Сара Винчестер расында да сол жерде 20 жыл бойы мекендеген. Кейбір көріністер осы үйде түсірілген.

Аз касса жинағандар: «TombRaider: Лара Крофт» - 2 929 500 теңге, «Тозақтағы селфи» - 1 366 800 теңге және «Президент демалысы» - 1 284 600 теңге.

 

* Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер