È

Кассалық жинақ: Жоғалған әлем

30 наурыз бен 2 сәуір аралығындағы кассалық жинақ

Өткен апта жаңа киноларға толы болыпты. Үлкен экранға Масамунэ Сироның көптен күткен мангасы «Призрак в доспехах» және Манодж Найт Шьямаланның «Сплит» триллері жол тартты. Осындай маңызды бәсекелестерге қарамастан, «Босс-молокосос» мультфильмі алдыңғы орнын ешкімге бермей келеді.

Dream Works компаниясының «Босс-молокосос» анимациясы 368 028 900 теңге табыс тапты, осылайша өткен аптада кассалық жинақ рейтингісінде бірінші орынға ие болды.

«Босс-молокосос» туындысы - Тоби Магуайрдің алғашқы жұмысы, ал актер Стив Бушеми үшін «Монстры на каникулах 2» мультфильмінен кейінгі екінші мультипликациялық жоба. Фрэнсистің рөлінде Бушеми орнына Кевин Спейси («Несносные боссы») болуы мүмкін еді. Картина АҚШ-та екінші апталық айналымда 49 миллион доллар табыс тапқан.

«Смурфики: Затерянная деревня» мультфильмінен көріністер

Екінші орында Манодж Найт Шьямаланның «Сплит» триллері тұр. Тұсаукесері өткен апта оған 211 640 180 теңге алып келген. Бастапқыда Кевин рөліне Хаокин Феникс үміткер еді. Бірақ, продюсерлер актермен келісе алмай қалып, рөлді Джеймс МакЭвойға береді. Актердің айтуынша, оған Патрисия атты кейіпкер қиындық тудырған. Себебі, ол биік өкшелі аяқ киім киюге мәжбүр болды. Киімнің ыңғайсыздығынан бөлек, актер қолын сындырып алады. Жарасы қатты сыздап, ауырмайынша ол екі күн қатарынан түсірілімге қатыса берген.

Ал «Призрак в доспехах» фильмі тұсаукесері өткен аптада 163 260 070 теңге жинап үлгерді. Бір қызығы, көрермен майор Кусанаги рөлінде Марго Робиді көруі мүмкін еді. Бірақ, өкінішке қарай ма, әлде қуанышқа орай ма, актриса бас тартыпты. Оның орнына Скарлетт Йоханссон қуана-қуана келісімін берді. Ал Бато рөліне Маттиас Шонартс («Вдали от обезумевшей толпы») келеді деген, бірақ рөл Йохан Филипке («Игра престолов») бұйырыпты. Америкада атыс-шабыс фильмі 19 миллион доллар табыс тапты.

«Призрак в доспехах» фильмінен көріністер

«Смурфики: Затерянная деревня» мультфильмі 86 706 000 теңге көлеміндегі табысқа ие болды. Картинаны «Get Smurfy» деген атпен өткен жылдың тамыз айында шығармақшы еді, алайда туындының аты өзгеріп, шығарылатын күні наурыз айының аяғына қойылды. Алдыңғы екі бөлімде Смурфетиді Кэти Перри дыбыстаған болса, бұл жолы кейіпкердің даусын әнші Деми Ловато салды. Райан Уилсон үшін картина «Монстры против пришельцев» (2009) мультфильмінен кейінгі екінші анимациялық жоба болды.

«Собачья жизнь» отбасылық драмасы 66 440 240 теңге жинады. Ит өмірі туралы оқиғаның режиссері кезінде Ричард Гирдың қатысуымен атышулы «Хатико: Самый верный друг» фильмін түсірген Лассе Халльстрём болып табылады.

Иттің рөлін алғашында Брэдли Купер дыбыстауы тиіс еді. Бірақ, бір себептерге байланысты оның орнына «Angry Birds» пен «Холодное сердце» картиналары арқылы танылған Джош Гад келеді.

«Живое» фильмінен көріністер

«Живое» атты ғылыми фантастика ортақ кассаны 58 314 200 теңгеге толтырды. Басты рөлдердің бірін көрерменге Дэдпул есімімен таныс Район Рейнольдс сомдады. Оның серіктестері ресейлік актриса Ольга Дыховичная мен Джейк Джилленхол болды. Кинотаспаның режиссері - Даниэль Эспинос. Өз отанында картина 5 миллион доллардан аса қаржы жинаған.

«Красавица и чудовище» мюзикл-фильмі 41 892 320 теңге жинап, екінші орыннан жетінші орынға түсіп қалды. АҚШ-та Америкалық көрермен ертегіні екінші орынға жайғастырып, картинаға 48 миллион долларға жуық пайда әкелген еді. Ең қызығы, костюмерлер Белльдің балға арналған көйлегін тігуге 12 мың сағат, 55 метр органза матасы, 1000 метрге жуық жіп пен 2000 Swarovski тастарын жұмсаған.

«Скрижали судьбы» фильмінен көріністер

Бірнеше есе төмен касса жинаған фильмдер: «Конг: Остров черепа» фильмі - 23 581 900 теңге, «Лекарство от здоровья» - 13 217 450 теңге, «Могучие рейнджеры» - 9 243 900 теңге және «Наурыз.kz» - 8 318 450 теңге.

Өкінішке қарай, картиналар: «Послесвадебный разгром» - 1 483 620 теңге және «Скрижали судьбы» - 1 362 250 теңге табыспен ең төменгі қатарға түсті.

*Материалдар Rentrak және Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері арқылы дайындалған.

Қазақстанда Chaplin Cinemas кинотеатрлар жүйесі Rentrak-қа қосылды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер