È

Аптадағы тұсаукесерлер: Қазақша бурлеск

8 наурыздан басталған апта тұсаукесерлері

Мерекелік күндерде сұлу ханшайымдарды Walt Disney-дің «Уақыт қалтарысы» фантастикалық фильмінің, әйелдің күш-жігерін баяндайтын «Мен арықтап келемін» комедиясы және батыр қыздар жайлы «Аннигиляция» триллерінің көрсетілімдеріне шақырып, қуантуға болады. Ал мюзикл мен шоуды жақсы көретіндер Баян Алагөзованың «Сиситай» кинотаспасын тамашалауына болады.

 

«Сиситай»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.03.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Ернар Нұрғалиев

Рөлдерде: Баян Алагөзова, Әйгерім Мергенбай, Әсет Арыстанбек, Олжас Абай

Жанры: мюзикл, комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Сиситай бала күнінен бері үлкен сахнаны армандап келеді. Алиса Мақсұтқызы – бас жұлдызынан айырылып қалған продюсер. Сиситайды жолықтырған продюсер оған алдағы мюзиклден рөл ұсынады. Бойжеткен Алиса Мақсұтқызының үмітін ақтай ала ма?

«Уақыт қалтарысы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.03.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Ава ДюВерней

Рөлдерде: Крис Пайн, Беллами Янг, Сторм Рейд, Майкл Пенья

Жанры: фантастика, фэнтези

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Мег Мурри тәжірибе жасап жүріп, жоғалып кеткен әкесін достарымен бірге іздеуге аттанады. Кейіпкерлер уақыт қалтарысына саяхат жасап, жаңа әлем мен өлшемдерді ашады.

«Ева»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.03.2018

Мемлекеттері: Франция, Бельгия, 2018

Режиссері: Бенуа Жако

Рөлдерде: Изабель Юппер, Гаспар Ульель, Джулия Рой

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Жазушы Бертран боранға тап болып, жұмбақ Евамен бірге бір ғимаратта қалады. Азамат қауіпті ойынға кіріп кеткенін байқамайды. Оны алаңдататын бір ғана нәрсе бар – ол Ева.

 

«Мен арықтап келемін»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.03.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Алексей Нужный

Рөлдерде: Александра Бортич, Ирина Горбачева, Сергей Шнуров, Роман Курцын

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Аняның дене бітімі әдемі, сымбатты жігіті мен көптеген достары бар. Бірақ, қыз артық салмаққа тап болып еді, одан барлығы теріс айналды. Аня бұрынғы сұлулығын, атағын қайтару үшін арықтауды ұйғарады. Алайда, салмақ тастау оңай емес.

 

«Кавалерия»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.03.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Николай Фульси

Рөлдерде: Крис Хемсворт, Майкл Шеннон, Майкл Пенья, Остин Хеберт

Жанры: атыс-шабыс, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін ОБҚ (ЦРУ) агенттері Ауғанстанға аттанады. Жасақ кез-келген әдіспен Талибан террорлық ұйымын табуы қажет. Себебі, әлем тыныштығы мен қауіпсіздігі қыл үстінде тұр.

«Аннигиляция»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.03.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, АҚШ, 2018

Режиссері: Алекс Гарленд

Рөлдерде: Натали Портман, Бенедикт Вонг, Соноя Мидзумо, Дэвид Гяси

Жанры: қорқынышты фильм, фантастика

Жас шектеуі: 17 жасқа дейін

Икс аймағы – адамдар зерттеп көрмеген орындардың бірі. Ол жақта кімдердің өмір сүретінін ешкім білмейді. Бірақ, экспедиция мүшелері көп жағдайда қайтып келмейді, ал қайтып келгендер бұрынғыдай болмайды. Мінеки, төрт әйелден құралған он екінші экспедиция аттануға дайын.

 

«Жоғарыдағылар, кездескенше»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.03.2018

Мемлекеттері: Франция, Канада, 2017

Режиссері: Альбер Дюпонтель

Рөлдерде: Альбер Дюпонтель, Лоран Лафитт, Нильс Ареструп, Андре Маркон

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қауіпті тапсырманы орындауға екі жауынгер: суретші Эдуар мен пошташы Альбер аттанады. Операция барысында Эдуар Альберді құтқарамын деп, бетін зақымдап алады. Енді суретші қалған өмірін бетперде киіп жүрумен өткізеді.

 

«Жолаушы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.03.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, Франция, АҚШ, 2018

Режиссері: Жаума Кольет-Серра

Рөлдерде: Лиам Нисон, Вера Фармига, Патрик Уилсон, Сэм Нил

Жанры: атыс-шабыс, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бұл күн Майкл үшін әдеттегідей болатын еді. Алайда, пойыздың вагонында жанына бір әйел отырып, ерекше тәжірибеге қатысып көруін ұсынады. Майкл қауіпті қастандыққа тап болатынын ойламастан, келісе кетеді.

 

«Зәкірді көтеріңдер!»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.03.2018

Мемлекеті: Норвегия, 2017

Режиссерлері: Симен Альсвик, Уилл Эсхерст

Рөлдерде: Мари Блокхус, Андерз Эйде, Маркус Гуннарсен, Магнус Креппер

Жанры: мультфильм

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Кішкентай кеме Элиас құтқарушы қызметіне шақырылады. Элиас жаңа жұмысына қуанып жүреді, бірақ кейде көңілсіз. Себебі, кішкентай кеме туған жері мен достарынан жырақ кетуі тиіс қой.

 

«Сиситай» фильмінің кестесін кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист