È

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің Солтүстік Америкадағы тұсаукесері Монреалда өтеді

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің Солтүстік Америкадағы тұсаукесері Монреалда өтеді

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің Солтүстік Америкадағы тұсаукесері Montreal Festival du nouveau cinema-да (Монреальдық жаңа кинофестиваль) өтеді. Кинокөрсетілім 2018 жылдың 3-14 қазан аралығында Канаданың ең ірі қалаларының бірі Монреалда өтеді.

Montreal Festival du nouveau cinema фестивалі 1971 жылдан бері өткізіліп келеді. «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» картинасы International competition негізгі бағдарламасында таныстырылды. Аталмыш бөлімде отандық фильммен қатар, Бразилия, Германия, Израиль, Португалия, Румыния, АҚШ және Франция елдерінен келген 15 жұмыс қатысады.

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің сюжетінде Салтанат (Динара Бақтыбаева) және Қуандық (Қуандық Дүйсембаев) жайлы баяндалады. Бойжеткен аяқ астынан қалаға көшіп барады. Сүйіктісінің артынан ерген жігіт шаһардың заңдарымен танысады. Кейіпкерлер сезімдерін сынаққа салады.

Кинотаспаның әлемдік тұсаукесері Канн кинофестивалінде өткен болатын. Таспа «Ерекше көзқарас» бағдарламасының қатысушысы болды.

Еске салсақ, актер Қуандық Дүйсембаев екі фестивальде – Оңтүстік Сахалиндегі «Жердің қиыры» ХКФ-де және Татарстандағы Қазан мұсылман кинофестивалінде «Үздік ер адам рөлі» номинациясында көзге түскен болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер