È

«Сиситай» мюзиклінің кассалық жинағы белгілі болды

8-11 наурыз аралығындағы кассалық жинақ

Өткен апта мерекелік көңіл-күймен және ұзақ демалыспен ғана емес, кино жаңалықтармен де қуантып үлгерді. Көрермендерге алғаш рет «Сиситай» отандық мюзиклі және Walt Disney-дің «Уақыт қалтарысы» фильмі ұсынылды. Қандай картиналардың көрермендерге ұнағанын және ұнамағанын Қазақстандағы кассалық жинаққа арналған материалымыздан оқыңыздар.

Диснейдің «Уақыт қалтарысы» фильмі алғашқы демалыста 79 270 099 теңге жинады. Картина - 1962 жылы жарияланған Мадлен Л’Энглдің аттас романының экрандауы. Бұл - Джон Кенттің «Уақыт жарысынан» (2003) кейінгі екінші экрандауы. Walt Disney Pictures компаниясы ремейк құқығын 2010 жылы иеленген болатын.

«Сиситай» отандық мюзиклінің алғашқы жинағы 68 250 000 теңге жинады (Meloman Entertainment компаниясының мәліметтері бойынша). Фильм Shine production компаниясының төртінші толықметражды жұмысы болды. Картина түсірілімі Алматыда өтті. Баян Алагөзова сахналық би қойылымдарын Мәскеулік хореографтарға сеніп тапсырды.

«Сиситай» фильмінен көрініс
«Сиситай» фильмінен көрініс

«Мен арықтап келемін» ресейлік комедиясы 66 025 000 теңге жинады. Фильм режиссері – «Жаңа шыршаларды» түсірген Алексей Нужный. Екі жарым жыл бойы сценарий 17 рет қайта жазылған. Бір қызығы, түсірілім басталмас бұрын Алексей Нужный мен сценарист Николай Куликов 28 және 20 килограммға арықтаған.

«Түнгі ойындар» кинотаспасы мерекелік демалыста 36 815 000 теңге жинады. Фильм режиссерлары - Джон Фрэнсис Дейли және Джонатан Голдштейн. Бұл - екеуінің де ортақ төртінші жобасы. Алдыңғылары: «Сүйектер» хикаясы (2005), «Төзгісіз бастықтар» (2011) және «Демалыстар» (2015).

Айналымдағы төртінші апта «Қара Ілбісінге» 33 320 471 теңге әкелді. Бюджеті 200 миллион долларды құрайтын фильм әлемдік айналымда 1 миллиардтан астам жасылға ие болған. Осылайша, блокбастер тарихтағы миллиард доллар жинаған 33-ші фильм атанды.

Ресейлік «Мұз» драмасы айналымдағы бесінші аптада 13 637 439 теңге жинады, ал жалпы жинағы 124 121 048 теңгеге тең. Бастапқыда сценарийде оқиға болатын орын көрсетілмеген еді. Алайда, режиссер Олег Трофим Байкал көлінің суретін көріп, түсірілімді Иркутскте өткізуді ұйғарады. Осылайша, көлдегі түсірілім 2016 жылдың наурызында басталып, бір аптаға созылды.

«Мен арықтап келемін» фильмінен көрініс
«Мен арықтап келемін» фильмінен көрініс

«Дауылдағы тонау» шытырман оқиғалы триллері 11 367 000 теңге көлемінде пайда тапты. Фильм түсірушілер компьютерлі графиканы қолданбауға тырысты. Дауыл қиратып кететін фермер үйін жаңадан тұрғызды. Ал үйдің астынан арнайы құрылғы орнатқан, саны қосқан кезде ғимарат қираған екен.

«Жолаушы» картинасы кассаны 10 360 700 теңге толтырды. Режиссер Жауме Кольет-Серра және актер Лиам Нисон алғаш рет бірге жұмыс істеп отырған жоқ. Триллер - екеуінің төртінші ортақ жұмысы. Олар «Белгісіз» (2011), «Әуе маршалы» (2014) және «Түнгі қашқын» (2015) картиналарымен айналысқан.

Аз касса жинағандар: «Еркектер не туралы айтады екен: Жалғасы» - 4 495 460 теңге және «Мэри және жалмауыздың гүлі» - 4 453 392 теңге.

 

*Материал Meloman Entertainment компаниясы мен Ticketon.kz мәліметтері бойынша дайындалды

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер