È

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» Қазақстан мен Францияда айналымға шығады

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» Қазақстан мен Францияда айналымға шығады

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің отандық айналымға шығатын күні белгілі болды. 71-ші Канн кинофестивалінде әлемдік тұсауы кесілген картинаны қазақстандықтар 2018 жылдың 20 қыркүйегінде тамашалай алады. Францияда таспа 26 қыркүйектен бастап айналымға шықпақ.

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» кинотаспасы көрермендерге Салтанат пен Қуаныштың арасындағы мөлдір махаббатты баяндайды. Бойжеткен отбасылық жағдайларға байланысты ауылдағы тыныш өмірін қаладағы күйбең тірлікке ауыстыруға мәжбүр. Шаһарға үлкен үміт артқан Салтанат қала мен тұрғындарының бейжайлығына куә болады.

Фильм кейіпкерлерінің образында актерлар Динара Бақтыбаева, Қуандық Дүйсембаев, Баймұрат Жұманов, Бауыржан Қаптағай және Еркен Губашев танылады.

Қазіргі таңда таспа фестивальдерді аралап жүр. Фильм Карловы Вары, Иерусалим мен Ереван ХКФ-не қатысып үлгерді. Алдағы күзде таспа Халықаралық Қазан мұсылман кинофестивалінің байқау бағдарламасына қатыспақ.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер