È

Аптадағы тұсаукесерлер: Өз бақытыңды жоғалтып алма

22 қарашадан басталатын аптадағы тұсаукесерлер

Келесі демалыста көрермендерді отандық жаңа кинолар күтеді: «Гудбай, мой бай!», «Әлемнің мейірімді бейжайлығы», «Күлтегін». Ал ерекше әсерді жақсы көретіндер үшін «Қылмыскерлер ұлты», «Жесірлер», «Апгрейд» атты картиналар дайын. Ал күлуді ұнататындарға «Кешкі мектепті» тамашалауға болады.

 

«Гудбай, мой бай!»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.11.18

Мемлекеті: Қазақстан

Режиссері: Анвар Матжанов

Рөлдерде: Даут Шайхысламов, Азим Саидбаев, Сәбит Рахымбаев, Нұрдәулет Шертім, Мейіржан Төребаев, Сабина Саяқова, Нұргүл Алпысбаева

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Егер анаң мен әйелің бір-бірімен тіл табыса алмаса, не істеуге болады? Әрине, ажырасу керек! «Гудбай, мой бай!» фильмінің кейіпкері Ермектің шешімі осылай болды. Мұндай қиын жағдайда оған жолдастары көмектесіп, барынша көңілін көтеруге тырысады.

 

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.11.18

Мемлекеті: Қазақстан

Режиссері: Әділхан Ержанов

Рөлдерде: Динара Бақтыбаева, Қуандық Дүйсембаев, Сұлтан Абзалов, Төлеміс Әлішев

Жанры: драма

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Салтанат пен Қуандық бақыт іздеп, үлкен қалаға келеді. Алайда, тағдыр олардың беріктігін сынаққа алып, тосын сый дайындап қояды. Әлемдегі қатал шынайылық пен қатігездік ғашық жұптың сағын сындыра ала ма?

 

«Күлтегін»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.11.18

Мемлекеті: Қазақстан

Режиссері: Адай Әбелдинов

Рөлдерде: Мерей Әжібеков, Азамат Қанапия, Бақытжан Жармұхамбетов, Гүлназ Әуесбаева, Руслан Ахметов, Динара Әбікеева, Нүкетай Мышбаева

Жанры: мультфильм

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Әйгілі түрік мемлекетіне жау шауып, Елтерес қағанды өлтіреді. Оның ұлы Күлтегін қашып құтылады да, уақыт өте келе халқын құтқару үшін қайта оралады. Ол Көк Бөрі және Білге қағанмен бірге жаулармен күресіп, Түрік қағанатын қайтарып алуды көздейді.

 

«Жесірлер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.11.18

Мемлекеті: АҚШ

Режиссері: Стив МакКуин

Рөлдерде: Элизабет Дебики, Гаррет Диллахант, Лиам Нисон, Кэрри Кун, Дэниэл Калуя

Жанры: детектив, триллер, қылмыстық

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Қауіпті іс кезінде төрт тонаушы қайтыс болады. Олардың әйелдері күштерін біріктіріп, өлімді зерттей бастайды да, күйеулерінің құпияларын ашады.

 

«Ральф ғаламторға қарсы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.11.18

Мемлекеті: АҚШ

Режиссёрі: Рич Мур

Рөлдерде: Джон Си Райли, Сара Силверман, Галь Гадот, Тараджи П. Хенсон, Джек МакБрайер

Жанры: шытырман, фантастика

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Ральф хикаялары жалғасын тапты. Бұл жолы кейіпкер ғаламторға тап болады, ол жақта оны шексіз ммүкіндіктер мен көптеген қызықты кейіпкерлер күтеді.

 

«Кешкі мектеп»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.11.18

Мемлекеті: АҚШ

Режиссері: Малкольм Д. Ли

Рөлдерде: Кевин Харт, Тиффани Хэддиш, Мэри Линн Райскаб, Кит Дэвид, Таран Киллэм

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Оқу ешқашан кеш емес. Тэдди Уокер көп жыл бұрын қашып кеткен мектеп емтиханын қайта тапсырып, аттестат алуды ұйғарады. Бірақ, ол үшін Кэрри есімді қатал мұғалімнің алдынан өтуі тиіс. Ол мектепті бітіре ала ма?

 

«Қысқа толқындар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.11.18

Мемлекеті: Ресей

Режиссері: Михаил Довженко

Рөлдерде: Евгений Гришковец, Игорь Ясулович, Екатерина Волкова, Алекс Дубас, Яков Довженко

Жанры: комедия, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Радио адамдардың өміріне қалай әсер ететіні жайлы бес хикая. Біреу үшін бұл өз болмысын ашу құралы, енді біріне өзгелерге әсер ету мүмкіндігі. Оларды бір ғана нәрсе байланыстырады – ол радиоға деген махаббат.

 

«Қылмыскерлер ұлты»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.11.18

Мемлекеті: АҚШ

Режиссері: Сэм Левинсон

Рөлдерде: Билл Скарсгард, Белла Торн, Сьюки Уотерхаус, Мод Апатоу, Джоэл МакХэйл

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сәлем қаласының тұрғындары шексіз сауық кештері, ішімдік пен көңіл әлемінде өмір сүреді. Бір күні хакерлік шабуылдан кейін, барлығы бір-бірінің өміріндегі құпияға қанық болады. Ашуланып кеткен олар бұл аласапыранға Лили мен құрбыларын кінәлайды. Енді бойжеткендерге қауіп төніп тұр.

 

«Апгрейд»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.11.18

Мемлекеті: Аустралия

Режиссері: Ли Уоннелл

Рөлдерде: Логан Маршалл-Грин, Мелани Валльехо, Ричард Коуторн, Майкл М. Фостер, Бетти Гэбриел

Жанры: фантастика, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Бұзақылардың шабуылынан кейін Грей әйелінен айырылады, өзі сал болып қалады. Ол кек алғысы келеді, оған «стем» тәжірибелік импланты көмектеседі. Құрылғы Грейге аяққа тұруына ғана көмектесіп қоймайды, сонымен қатар ерекше күш дарытуға тырысады.

 

Көрсетілім кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса