È

«Tomb Raider: Лара Крофт» фильмінің кассалық жинағы 100 млн теңгеге жете алмады

15-18 наурыз аралығындағы кассалық жинақ

Өткен демалыс Алисия Викандердің жанкүйерлерін ерекше қуантты. Отандық айналымға оның қатысуымен «TombRaider: Лара Крофт» фильмі қайта шықты. Сонымен қатар, бір уақытта экраннан «Оскар» жүлдесінің иегері «Бёрд ханым» комедиялық драмасы көрсетіле бастады.

Алғашқы аптада «TombRaider: Лара Крофт» фильмі 98 821 800 теңге жинады. Лара Крофттың рөліне Дейзи Ридли, Эмилия Кларк, Сирша Ронан, Кара Делевинь және Оливия Уайлд үміткер болды. Нәтижесінде, рөл Алисия Викандерге бұйырды («Қызғалдақ безгегі»).

Ресейлік «Мен арықтап келемін» комедиясы 18 847 800 теңге жинады. Осы рөлі үшін Александра Бортич мінсіз мүсінін құрбан етті. Актриса түсірілім кезінде 20 килограмм қосып, содан кейін үлкен күшпен артық салмағынан арылады.

«Түнгі ойындар» триллерінің кассалық жинағы 12 905 100 теңгені құрады. Түсірілім Джоржия штатындағы Атлантта орналасқан танымал RiRa барында өтті. Картинаға актерлар Джесси Племон және Билли Магнуссен түсті. Екеуі «Қара айна» хикаясында бірге жұмыс істеген болатын.

«Түнгі ойындар» фильмінен көрініс
«Түнгі ойындар» фильмінен көрініс

Айналымдағы екінші аптада «Уақыт қалтарысы» фантастикалық таспасы 12 615 160 теңге жинады. Жалпы жинағы әзірге 101 393 953 теңгені құрады. Картина сценарист Дженнифер Лидің алғашқы ойнамалы жобасы болды. Бұған дейін автор Disney-дің «Ральф» (2012), «Суық жүрек» (2013) және «Зверополис» (2016) анимациялық фильмдеріне сценарий жазған болатын.

«Сиситай» мюзиклі 8 570 970 теңге (Meloman Entertainment компаниясының мәліметтері бойынша) жинады. Картина - Әйгерім Мергенбайдың дебюттік жобасы. Рөлі үшін актриса имиджін өзгертті: шашын қысқартып, көк түске бояды. Продюсер Баян Алагөзованың жұбайы Түрсен Алагөзов те алғаш рет киноға түсті.

«Шерлок Гномс» мультфильмі 6 186 600 теңге жинады. Бас кейіпкерді Джонни Депп дыбыстады. Бұл - актердің қатысуындағы үшінші анимациялық жоба. Бұрын ол «Қалыңдық мәйіті» (2005) және «Ранго» (2011) картиналарының кейіпкерлерін дыбыстаған. Айта кетейік, Шерлок Гномсты Тим Карри де дыбыстауы мүмкін еді.

 «Уақыт қалтарысы» фильмінен көрініс
«Уақыт қалтарысы» фильмінен көрініс

Американдық «Жолаушы» фильмі 5 220 000 теңге жинады. Деректі хикаяның сценарийін Байрон Уиллингер және Фил ДиБлейси жазған болатын. Картина - Уиллингердің екінші толықметражды жобасы. Біріншісі - Брэдли Купердің қатысуындағы әлі жарыққа шыға қоймаған «Жоғалған жұмақ» жобасы.

«Оскар» жүлдесінің үміткері «Бёрд ханым» кассаны бар болғаны 4 626 300 теңгемен толықтырды. Бұл таспа - Грета Гервигтің алғашқы жеке режиссерлік жұмысы. 2008 жылы ол қоюшы Джо Сванбергпен бірге «Түндер және демалыстар» картинасын шығарған болатын. Фильмнің сценарийін Гервигтің өзі жазды.

Айналымдағы бесінші аптада «Қара Ілбісін» 4 464 091 теңге жинады. Айналымдағы жалпы жинағы 432 656 543 теңгені құрайды. Түсірілім декорациясы Атландтағы студияда құрылған болатын. Ең ауқымдысы - ашық аспанда 4 ай ішінде құрылған «Жауынгер сарқырамасы». Нысана 836 кв.м. жерді алады.

«Мұз» картинасы 2 975 812 теңге және «Ал, қош келдіңіз, Оксана Соколова» 2 901 129 теңге жинап, төменгі орынға түсіп қалды.

 

* Мәліметтер Ticketon.kz. және Meloman Entertainment компанияларының деректері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер