È

«Соқыр махаббат» фильмінің алғашқы кассалық жинағы

«Соқыр махаббат» фильмінің алғашқы кассалық жинағы

Алдыңғы апта кинодағы жаңалықтарға толы болды. Айналымға Тимур Бекмамбетовтың «Время первых» продюсерлік жобасы, Морган Фриман қатысуымен «Уйти красиво» америкалық комедиясы және «Возьми меня штурмом» француз кинотаспасы шықты.

Үш апта қатарынан алдыңғы орында әлі де «Босс-молокосос» картинасы тұр. Анимация 125 451 250 теңге табыс тапты. Ал актерлар Алек Болдуин мен Лиза Кудроу үшін фильм бірігіп жасаған екінші жобалары болды. Біріншісі – «Достар» хикаясы. Тоби Магуайр де Болдуинмен екінші мәрте жұмыс істеуде. Бұрындары актерлер «Собаки против кошек» картинасының кейіпкерлерін дыбыстаған. Мультфильм Ресейде 104 миллион рубльға жуық қаржы жинап, екінші орынға жайғасты.

«Сплит» психологиялық триллері 122 747 660 теңге табыспен екінші орында тұр. Фильм режиссері Манодж Найт Шьямалан Майк Гиулакис кинооператорын таңдады. Ал продюсер Джейсон Блум үшін картина Найтпен бірігіп жасаған екінші жобасы болды. Алдыңғысы «Визит» (2015) фильмі болатын. Ресей айналымында кинотаспа бар-жоғы 13 миллион рубль жинап, сегізінші орынға түсіп қалды.

«Сплит» фильмінен көрініс

Үшінші орынды «Время первых» ресей фильмі иеленді. Тимур Бекмамбетовтың продюсерлік және Дмитрий Киселёвтің режиссерлік жұмысы 87 259 480 теңге жинады. Негізгі түсірілім Мәскеуде, ал жартысы Орал өңірінде өтті. Түсірілім үшін арнайы ғарыш кемесінің үш макеті жасалды. Біріншісі тайгаға қондыру үшін, ал екінші макет ашық ғарыш айлағындағы көрініс үшін, үшіншісі кеме бортының түсірілімі үшін жасалынды. Өз Отанында кинотаспа 151 миллион рубль жинап, айналымның алдыңғы қатарынан табылды.

«Уйти красиво» америкалық комедиясы өткен аптада 77 262 860 теңге жинады. Фильм – 1979 жылы Мартин Брестпен түсірілген «Красиво уйти» картинасының ремейкі. Жаңа нұсқаның режиссері бұрын «Клиника» хикаясымен жұмыс істеген Зак Брафф болды. Актер Алан Аркин үшін бұл - Морган Фриманмен бірігіп жасаған алғашқы туындысы. Ал Майкл Кейн Фриманмен алты жобаға түсіп үлгерді. Ресейде фильм 43 миллион рубль жинады.

«Уйти красиво» фильмінен көрініс

Үздік бестіктің қатарында 64 034 470 теңгемен «Призрак в доспехах» киберпанкі тұр. 2008 жылдан бері жобаның продюсерлігіне Стивен Спилберг үміткер болды. Ол «Dream Works» компаниясымен бірігіп манганы экрандау құқығын иеленген. Алайда, продюсерлік етуге Ави мен Ари Арад және Стивен Пол кірісті. Картина Ресейде 90 миллион рубльмен үшінші орынға жайғасты.

«Собачья жизнь» отбасылық драмасы 50 360 360 теңге табыспен отандық көрерменнің бағасына ие болды. Картина режиссері - «Пряности и странности» (2014), «Тихая гавань» (2013) және «Хатико: Самый верный друг» (2009) фильмдерін түсірген Лассе Хальстрём. Киноның бюджеті 22 миллион долларға тең, ал әлемдік жинақ 116 миллион доллармен көш бастап тұр. Драма Ресейде 23 миллион рубльден сәл көбірек қаржы жинады.

«Собачья жизнь» фильмінен көрініс

Ал 50 миллион теңгеден төмен жинағандар: «Смурфики: Затерянная деревня» - 48 225 150 теңге, «Живое» - 33 178 200 теңге, «Красавица и чудовище» - 22 545 420 теңге, «Конг: Остров черепа» - 15 575 500 теңге.

Аптаның ең төменгі орнына жайғасқандар: «Лекарство от здоровья» - 6 149 620 теңге және «Последствия» - 4 469 300 теңге.

Ал ең аз қаржы жинаған фильм - «Слепая любовь» отандық мелодрамасы. Сиви Махмуди мен Ренат Баситтің продюсерлік әрі актерлік жұмысы 2 904 000 теңге табыс тапқан.

*Материал «Rentrak» пен «Ticketon.kz» жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды.

Қазақстанда «Rentrak» жүйесіне «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісі қосылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист