È

«Оскар-2018» болжамы

«Оскар-2018»  болжамы

Наурыздың 5-і күні әлемнің ең беделді кино жүлдесінің 90-шы мерейтойлық марапаттау рәсімі өтеді. Марапатты иелену маусымы аяқталды, дауыстар саналды, ендігісі оңай.

Жарыстың басында ұзақ уақыт бойы басымдық танытқан фильм анықтала қоймаған болатын, ал қазір екі негізгі фильм өзара жарысуда. Олар: 13 аталым бойынша Гильермо Дель Тороның «Су қалыбы» және Мартина МакДонаның 7 аталымды иеленген «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» фильмі.

 «Су қалыбы» фильмінен көрініс
«Су қалыбы» фильмінен көрініс

Көпшілігі жеңіс дәл осы Гильдия, «Алтын Глобус», ВАФТА сыйлығын иеленген, «Үздік режиссура» аталымын жүз пайыз дәлдікпен иеленетін мексикалық Дель Тороның картинасына бұйырады деп есептейді. Оның үстіне, «Су қалыбы» фильмі «үздік әуен» және «үздік көркем безендіру» аталымдары бойынша басымдық танытуда.

Бірақ, өздеріңіз білетіндей «Оскар» жүлдесінде көп нәрсені гильдия шешеді, ал олардың ішінде көпшілігі актерлік құрам – олар осы жылы «Су қалыбы» фильмін өздерінің «Үздік актерлік ансамбль» аталымына енгізген де жоқ (марапаттау рәсімінде онсыз болмайды). Ол жақта МакДонаның «Үш билборды» жеңімпаз атанған, сондықтан «Оскар-2018» жүлдесіне басты үміткер болып отыр.

МакДаноның картинасының қоржынында «Оскарға» әсер ететін Торонто, «Алтын Глобус», БАФТА және Гильдия жүлделері бар. Онсыз марапаттау рәсімінде жеңіске жету мүмкін емес. «Үш билбордтың» басты кемшілігі – көпшілігі онсыз мүсіншені алу мүмкін емес деп санайтын режиссура аталымында МакДонаның болмауы, бірақ мұндай үміткерлер болды, мәселен, 2013 жылы Бен Аффлектің аталымды иеленбеген «Операция Арго» жеңісі.

«Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» фильмінен көрініс

Басқа да аталымдарға ауыссақ: бұл жылы актерлік шеберлік қызықсыз болды, егер таң қалдырарлық ештеңе болмаса, төмендегі адамдар өз «Оскарларын» үйлеріне алып кетеді:

Үздік ер адам рөлі – Гари Олдман («Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури»)

Үздік әйел адам рөлі – Фрэнсис Макдорманд («Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури»)

Екінші қатардағы үздік ер адам рөлі – Сэм Рокуэлл («Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури»)

Екінші қатардағы үздік әйел адам рөлі – Элиссон Дженни («Тоня барлығына қарсы шығады»)

Барлығы қарапайым - бұл актерлер барлық маусымға тұрақты түрде қатысып, мүмкін болғанның барлығын ұтып алды.

Сценарийде аздаған шиеленіс бар – лайықты қарсыласы болмағандықтан «Үздік бейімделуді» ешбір кедергісіз «Мені өз атыммен аташы» фильмі иеленеді, ал «Үздік ерекше сценарий» үшін күрес болары сөзсіз. Бұл аталымға «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» фильмі лайық, оның қоржынында «Алтын глобус» және осы аталым бойынша БАФТА жүлделері бар, бірақ сценаристер Гильдиясы МакДонаның жұмысынан қандай да бір қате тауып, жеңісті Джордан Пилдың «Аулақ» картинасына табыстады. Марапаттау рәсімінде әділдік орнап, «Үш билборд» жеңіске жетеді деп үміттенеміз.

«Аулақ» фильмінен көрініс

Техникалық аталымдарда толып жатқан ретсіздік – негізгі талас «Дюнкерк» («Үздік дыбыс» және «Үздік монтаж») пен «Жүзбен жүгіруші 2049» фильмдерінің («Үздік операторлық жұмыс» және «Үздік визуалды әсерлер») арасында болып отыр.

Костюм бойынша Пол Томас Андерсонның «Елесті жіп» фильмі басымдық танытса, «Үздік әрлеу мен шаш үлгісі» мүсіншесін Джо Райттың «Күңгірт кезеңдер» фильмі иеленуі тиіс. «Үздік анимация» және «Үздік әуен» аталымдарында «Коко құпиясы» басымдық танытты, бірақ соңғы аталым бойынша «Әйгілі шоумен» фильмі де бақ сынайды.

«Шет тіліндегі үздік фильм» аталымында Канн фестивалінің («Төртбұрыш»), Берлиналенің («Жан мен тән жайлы») жеңімпаздары мен сыншылар таңдауы «Махаббат емес» фильмдерінің арасында толып жатқан дау-дамайлар туындауда. Дегенмен, барлығын білетін букмекерлер «Фантастикалық әйел» чилилік картинасы жеңіске жетеді деп болжауда, бәлкім расымен де соңында жеңетін шығар.

 «Махаббат емес» фильмінен көрініс
«Махаббат емес» фильмінен көрініс

Жалпылай алғанда, кештің жеңімпазы МакДонаның «Үш билборд» картинасы болуы әбден мүмкін және бұл лайықты жеңіс болар еді. Осы уақыт ішінде аталмыш картина аудиторияға ғана емес, сыншыларға да ұнады және әлемнің беделді кино сыйлығының жеңісі фильм үшін әбден лайықты. Осы жолы ешқандай ыңғайсыздық орын алмай, конверттер тиісті қолға табысталады деп үміттенеміз.

Жанкелді Өмірәлиев

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер