È

2018 жылдың наурызында күтілетін 7 фильм

2018 жылдың наурызында күтілетін 7 фильм

Наурызда көрсетілімге шығатын отандық фильмдердің арасында комедия жанры басымдық танытады. Көңіл көтергісі келетін көрермендердің назарына мюзикл («Сиситай»), қара комедия («Тіркеуші»), отбасылық комедия («Қалай да той жасау») және лирикалық мелодрама («Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін») ұсынылмақ. Мұның барлығы Қазақстанда түсірілген! Голливуд киносынан да күтілетін нәтиже жоғары. Стивен Спилбергтің «Бірінші ойыншы дайындалсын» және Стивен деНайттың «Тынық мұхиты шекарасы 2» блокбастерлері кинотеатр есігінің табалдырығында тұр және жоғары касса жинауға дайын. Басты рөлде Алисия Викандер ойнаған Лара Крофт жайлы франшизаның қайта шығарылымын танымал франшизаның жанкүйерлерінің көп бөлігі асыға күтуде. Фильмдер және ойын-сауық – міне, осы жылдың наурыз айының басты ұраны. Көреміз, қолдаймыз және үлкен экран алдында демаламыз. Жақсы көріп қайтыңыздар!


7. «Сиситай»

Жылы / мемлекеті: 2018 / Қазақстан

Жанры: мюзикл, комедия

Режиссері: Ернар Нұрғалиев

Былтырғы жылғы «Аға ма, әлде неке ме?» табысты жобасынан кейін Ернар Нұрғалиев комедиялық кино жанрын дамытуды жалғастыруда. Бұл отандық шоу-бизнестегі жарыққа қарай ұмтылған пері Күлше қыз туралы мюзикл. Мұнда танымал Баян Алагөзова бар, ол «Сиситайда» цирк алаңында шоу ұйымдастырып, табысқа жетуді көздейді. Талас тудырар тағы бір актив – Әйгерім Мергенбай - екінші басты рөл, жас әнші Сиситай рөлінде. Мансабын жаңа бастап келе жатқан актрисада Баян Алагөзованікіндей күш-қуат жоқ, сондықтан кейде ол талапшыл продюсердің жоспарларын жүзеге асыратын әдемі безендіруі ғана сияқты көрінеді. Жалпы, екі әйел арасындағы өзара қарым-қатынас және олардың экраннан көрінуі жоғары деңгейде.

 

6. «Тіркеуші»

Жылы / мемлекеті: 2018 / Қазақстан

Жанры: комедия

Режиссері: Мейірхан Шерниязов

«Патруль» хикаясымен айналысқан топ көрермендерге «Тіркеуші» фильмін ұсынады. Бұл таспаның трейлері толығымен дәстүрлі жағдаймен өрбіген күлкілі оқиғаларды көрсетеді: кірпияз кәсіпкер өзінің жақында жұмысқа қабылданған жүргізушісіне көлігін тұраққа қоюды тапсырады. Айтпақшы, осы екеудің біреуі автокөлікті жоғары бағалайды және ол жерде кездейсоқ адамдар жоқ. Әрі қарай, ең қызықтысы басталады. Не автокөлік ол тұраққа жетпейді немесе жолаушылар үлкен тосын сыйға тап болады. Шерниязов барлық түсірілім тобын салонға әртүрлі көлемде қатыстыру арқылы жол үстіндегі саяхатты классикалық үлгіде емес, роуд-муви арқылы беруге тырысады.

 

5. «Тынық мұхиты шекарасы 2»

Жылы / мемлекеттері: 2018 / Қытай, АҚШ

Жанры: фантастика, атыс-шабыс, шытырман

Режиссері: Стивен С. ДеНайт

«Тынық мұхиты шекарасы 2» IMDb.com жүргізген сауалнама бойынша осы жылдың ең күттірген он жобасының қатарына кірді. «Шекара» командасы ұсынатын сюжет соншалық қарапайым емес, мектеп қабырғасындағы кіші және орта жастағыларға арналған. Өзге ғаламшарлық алпауыттардың атыс-шабыстары олар үшін қызықты болары сөзсіз. Дебютант Стивен ДеНайт барлығы жоғары деңгейде болуы үшін барын салды. Жаһандық және қиратушы күш. Франшизадан ауысқан Гильермо дель Торо қазіргі уақытта «Су қалыбының» жемісін көруде. «Оскардың» үздік фильм аталымы «Тынық мұхиты шекарасы 2» фильміне бұйыруы екіталай, дегенмен ерекше әсерлері бас айналдырарлықтай жоғары.

4. «Қалай да той жасау»

Жылы / мемлекеті: 2018 / Қазақстан

Жанры: триллер, драма

Режиссері: Қанагат Мұстафин және Айдын Сахаман

Қанағат Мұстафиннің тобы фильм атауын бірнеше рет өзгертіп («Жаңа бақытпен», «Ессіз той»), қарапайым әрі үйлесімді «Қалай да той жасау» атауына тоқталды. Телеарна қызметкері Мақсат туған әпкесінің ұзату тойына жинаған қаражатты таксиде ұмытып кетеді. Өзінің және болашақ туыстарының алдында ұятқа қалмас үшін, Мақсат шеберлігі мен тапқырлығын пайдаланады. «Қалай да той жасау» комедиясы ұлттық дәстүрлер мен тойға дайындық кезінде орын алатын күлкілі әрі есте қаларлық жағдайларды әзілмен ұштастырған, сондықтан Қанағат Мұстафин бас қатыратын күрделі мәселелермен көрермендердің көңілін көтереді.

3. «Бірінші ойыншы дайындалсын»

Жылы / мемлекеті: 2018 / АҚШ

Жанры: фантастика, атыс-шабыс, шытырман

Режиссері: Стивен Спилберг

Назар аударыңыз, сұрақ: «Стивен Спилберг ұйықтай ма?». Егер «иә» деген жауап болса, қоса кету керек, өте аз ұйықтайды. Фильм айналымға шығуға дайын. Режиссердің «Құпия құжатнама» жобасының айналымға шығу кезінде-ақ, оның «Бірінші ойыншы дайындалсын» фантастикалық атыс-шабыс фильмі постпродакшн кезеңінде тұрған еді. Алдағы экрандық бейімделудегі таспа, негізінен, мазмұнына қарағанда қазіргі уақыттағы танымал режиссердің есіміне назар аудартады. Жалпы, Спилбергте концепт жағынан барлығы өз орнында. Кейіпкерлерді көпшіліктің есінде жақсы сақталған өткен ғасырдың 80-ші жылдарына жібереді және сол арқылы сүйікті көрермендер үшін ұялмайтындай фильм шығарады. Дегенмен, көріністер сол кездегіге қарағанда алда жүреді, бірақ «Бірінші ойыншы дайындалсын» фильмінде сол дәуірдегі киноцитаталар, аллюзия және сілтемелер жеткілікті.

2. «Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін»

Жылы / мемлекеті: 2018 / Қазақстан

Жанры: мелодрама, комедия`

Режиссері: Абдель Фифтибаев

Абдель Фифтибаевтың «Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» дебюттік жұмысының болжамы өте жақсы. Режиссер - романтик және классикалық мелодрамада қыз бен жігіттің арасындағы махаббат тақырыбын көрсетумен ғана шектелмейді. Фильм авторы жастарға барлық жол ашық екенін және олардың өз арманына жетіп, өмірлерін өзгертуге қауқарлы екенін көрсетеді. Алматы қаласы негізгі түсірілім орны ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл жерде Абдель Фифтибаев үлкен мүмкіндіктер мен қиыншылықтардың қайнаған ортасы, аталмыш мегаполиске деген махаббатын көрсетеді. Иә-иә, махаббат әуені құдіретті, сондықтан «Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» фильмінде қазақстандық жас орындаушылардың сүйемелдеуіндегі әуен жүректі елжіретеді.

 

1. «Tomb Raider: Лара Крофт»

Жылы/ мемлекеті: 2018 / АҚШ

Жанры: атыс-шабыс, шытырман

Режиссері: Роар Утхауг

Танымал франшизаның қайта шығарылымында Алисия Викандер Анджелина Джолиді алмастыра ала ма? Бұл сұрақ көрермендерді ғана емес, виртуальды ойыншыларды да алаңдатып отыр, себебі «Tomb Raider: Лара Крофт» компьютер ойынына негізделген. Ал қалғаны қарапайым түрде өрбиді. Жинаққа арналған типтік голливудтық сәнгер секілді. Көп айтып, аз танылған норвегиялық режиссер өршіл фильм түсіруге дайын. Басты рөлді сомдаған Швециялық актриса мінсіз мүсінімен ғана емес, керемет актерлік қабілетімен де ерекшеленеді. Сюжет талқыланбайды да. Шытырманға толы квест. Викандердің Лара Крофт вирусынан қорғанатын қабілеті жоқ екеніне және оның да Джоли сияқты ізгі ниетті әлем елшісі болатынына сенімді болжам жасауға болады.

Сергей Бутаков

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

24 наурыз 2018, 01:38

Думаю сезон 2018 года будет брутальным

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер